«Шоқан Уәлиханов» — толық метражды көркем фильм. 1957 ж. Алматы көркем және хроника фильмдер студиясы мен Ленфильм шығарған.
Сюжеті Фильмде қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (шын есімі Мұхаммед Қанафия, 1835 —1865) өмірі туралы баяндалады.
Фильм Шоқанның 1858-1859 жылдары атақты Қашқарияға жасаған сапарынан бастау алады. Бұған дейін ешбір саяхатшы аяқ баспаған мекенге Шоқан аса қиын жағдайда өзіне қауіп төндіре отырып жол жүреді. Онда ол Қашқар халқының тарихы мен этнографиясын, мәдениетін қағаз беттеріне түсіреді.
Рөлдерде Шоқан Уәлиханов — Нұрмұхан Жантөрин Николай Чернышевский — Геннадий Карнович-Валуа Федор Достоевский — Владимир Честноков Петр Семенов-Тян-Шанский — Олег Лебедев Құжық — Кәмәси Өмірзақов Шыңғыс — Қалибек Қуанышбаев Айша — Шайза Ахметова Баймағамбет — Шахан Мусин Сыдық — Құрманбек Жандарбеков Омар — Әбен Мұхамедияров Нәрмағанбет — Ахмет Шәмиев Манасшы — Шәмші Түменбаев Гутковский — Геннадий Мичурин Черняев — Петр Чернов Капитан — Константин Барташевич
Дереккөздер
Санат:Қазақфильм фильмдері Санат:КСРО драма фильмдері