Жетісай ауданы — Түркістан облысы құрамындағы аудан. Халқының саны 187 384 адам. Орталығы — Жетісай қаласы.

Географиялық орны Түркістан облысының қиыр оңтүстігінде Сырдария өзенінің сол жағалауында орналасқан. Шығысында Мақтаарал ауданымен, оңтүстігі мен батысында Өзбекстанмен, солтүстігінде Шардара ауданымен шектеседі. Шардара ауданынан Шардара су қоймасы бөліп жатыр.

Тарихы Аудан Өзбек КСР Сырдария облысының құрамында 1964 жылы сәуір айында құрылған. 1971 жылы Қазақ КСР Оңтүстік Қазақстан облысы құрамына қайтарылды. 1997 жылы сәуір айының 24-інде аудан таратылып, аумағы Мақтаарал ауданына берілдіhttp://ongtustik.kz/ru/o-rajone.html . 2018 жылы 5 маусым күні Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Жетісай ауданы қайтадан жеке әкімшілік бірлік болып Мақтаарал ауданынан бөлініп шықты.http://adilet.zan.kz/rus/docs/U1800000698

Халқы 1959 1970 1979 1989Ресей империясы,  КСРО халық санақтары 20092021 77205 54153 73144 76547 169044183185 Халқының басым көпшілігі қазақтар. Одан басқа орыс, өзбек, тәжік, қырғыз ұлтының өкілдері қоныстанған.

Әкімшілік бөлінісі Аудандағы 106 елді мекен 1 қалалық, 1 кенттік әкімдік пен 11 ауылдық округке біріктірілген.

+ Халқының саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары Ауылдық округтері 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбенАбай ауылдық округі8746 8405 96,1 4349 4259 97,9 4397 4146 94,3Асықата кенттік әкімдігі11102 14245 128,3 5443 7119 130,8 5659 7126 125,9Атамекен ауылдық округі9170 9175 100,1 4695 4790 102 4475 4385 98Жаңаауыл ауылдық округі14380 16959 117,9 7211 8670 120,2 7169 8289 115,6Жетісай қалалық әкімдігі36494 44105 120,9 17437 22148 127 19057 21957 115,2Жолдасбай Ералиев ауылдық округі12455 13342 107,1 6301 6862 108,9 6154 6480 105,3Жылысу ауылдық округі13321 12083 90,7 6673 6171 92,5 6648 5912 88,9Қазыбек би ауылдық округі13138 14542 110,7 6575 7427 113 6563 7115 108,4 Қарақай ауылдық округі8191 9121 111,4 4168 4608 110,6 4023 4513 112,2Қызылқұм ауылдық округі10073 9120 90,5 5127 4667 91 4946 4453 90Мақталы ауылдық округі8416 8311 98,8 4314 4276 99,1 4102 4035 98,4Шаблан Ділдәбеков ауылдық округі11050 11747 106,3 5602 6061 108,2 5448 5686 104,4Ынтымақ ауылдық округі12508 12030 96,2 6216 6152 99 6292 5878 93,4 ЖАЛПЫ САНЫ 169044 183185 108,4 84111 93210 110,8 84933 89975 105,9

Экономикасы Тұрғындарының көбі мақта шаруашылығымен айналысады Әкімдері Жамантай Қанайұлы Бейсенбаев 07.2018-03.2021 Мұрат Болатұлы Қадырбек 04.2021-01.2023 Серік Үсенұлы Мамытов 01.2023 бастап

Дереккөздер

Сілтемелер

Санат:Жетісай ауданы