Смирновка — Қостанай облысы Қарабалық ауданындағы ауыл, Смирнов ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы - Қарабалық кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 18 км жерде, қара топырақты дала белдемінде орналасқан.
Халқы 1999 жылы ауылдың тұрғындары 1699 адам (835 ер адам және 864 әйел адам) болса, 2009 жылы 1071 адамды (511 ер адам және 560 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
Тарихы Іргесі 1961 жылы ұйымдастырылған астық кеңшарының орталығы ретінде қаланған. 1996 жылы кеңшар негізінде Смирновкада бірнеше шаруа қожалықтары құрылды.
Дереккөздер
Санат:Қарабалық ауданы елді мекендері