Қазақстан Республикасының кезектен тыс президент сайлауы — 2019 жылдың 9 сәуірінде қабылданған «Қазақстан Республикасының Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» №18 Жарлығына сәйкес 2019 жылдың 9 маусымында өтті. Сайлауға Нұрсұлтан Назарбаевтың өз өкілеттігін тоқтатқалы уақытша президент болып тағайындалған Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге есептегенде жеті кандидат қатысты. Сайлау нәтижесіде Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаушылар даусының 70,96 % иеленіп, ҚР 2-президенті болып сайланды. Нәтиже бойынша алғашқы үштікке 16,23 % көрсеткішпен өзін оппозиция өкілі деп санайтын Әміржан Қосанов пен Қазақстан сайлау тарихындағы алғашқы әйел - кандидат Дания Еспаева сайлаушылар даусының 5,05 % жинап енді.
Жаңа сайланған президентті ұлықтау рәсімі Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өтті.Жаңадан сайланған президент Қасым-Жомарт Тоқаев ант берді
Сайлау алғышарты Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылдың 26 сәуірінде өткен ҚР Президентін сайлауда 5-мерзімге сайланған болатын. Аталған сайлауда ол сайлаушылар даусының 97,7 % жинағанНазарбаев президент сайлауының ресми түрде жеңімпазы атанды. Назарбаевтың өкілеттігі 2020 жылға дейін жалғасуы тиіс еді, алайда 2019 жылдың 19 наурызы ол өз өкілеттігін тоқтатуына байланысты, ҚР Конституциясына сәйкес қалған мерзімге уақытша президент болып Қасым-Жомарт Тоқаевты тағайындалдыҚасым-Жомарт Тоқаев Президент қызметіне кірісті. Кезекті президент сайлауы 2020 жылдың сәуір айында өтуі тиіс едіҚасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан президенті болды.
2019 жылдың 20 наурызы ЖСДП сайлау жүйесін авторизацияламауға және демократиялық институттарды күйшейту арқылы жүзеге асыруға шақырып, мәлімдеме жасады. Партия әділ әрі демократиялы президент және парламент сайлауын өткізуді ұсындыБасқаша нұсқадағы авторитаризмге жол бермеу туралы. ЖСДП мәлімдемесі .
9 сәуір күні Тоқаев «саяси белгісіздікті» болдырмау үшін 2019 жылдың 9 маусымында мерзімінен бұрын сайлау өтетінін мәлімдедіТоқаев та кезектен тыс президент сайлауы өтетінін жариялады. Мемлекет басшысы мәлімдеме алдында 8 сәуір күні парламент сенатының төрайымы Дариға Назарбаевамен, премьер-министр Асқар Маминмен және Конституциялық кеңес төрағасы Қайрат Мәми мен Парламент мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божкомен кеңескенҚасым-Жомарт Тоқаев Сенат, Мәжіліс, Үкімет пен Конституциялық кеңес басшыларын жинады. Сондай-ақ, 9 сәуір күні «Нұр Отан», «Ақ жол» демократиялық партиясы, Қазақстан коммунистік халық партиясы мен Қазақстанның «Ауыл» социал-демократиялық партиясының жетекшілерімен кездестіТоқаев Ақордада партия басшыларын қабылдады.
Сайлау жүйесі
Президент 5 жылдық мерзімге қос-айналымды жүйе нәтижесінде сайланады. Егер бірде-бір кандидат 50 пайыздан артық дауыс жинамаса, ең көп дауыс жинаған екі үміткер арасында 2-айналым өткізіледіElectoral System of Kazakhstan Republic.
Қаржыландыру Бастапқыда 2020 жылы өткізілмек болған сайлауға 8,8 млрд теңге жұмсау жоспарланған болатын. Алайда Орталық сайлау комиссиясы 9 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауына 12 млрд теңге сұраған. Бұл туралы 11 сәуірде сенат отырысында қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов айтты. Қаржы министрлігінің есебінше, сайлау шығынының 70 % сайлау округтерінде жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбегіне жұмсаладыМинистрлік: ОСК кезектен тыс президент сайлауына 12 млрд теңге сұрады.
15 сәуір күні Қазақстан Үкіметі сайлау өткізуге арналған қаржы қорынан 9,4 млрд теңгенің шығарылғандығын мәлімдеді; бұл ОСК сұраған қаржыдан 2,6 млрд-қа аз.Правительство планирует выделить на выборы 9,4 миллиарда тенге
Сайлау парақтарын басып шығаруға 132 млн 742 мың теңге жұмсалған. Елдегі сайлаушылар саны - 11 947 955 адам екендігі ескеріліп, оның үстіне артық 1 % бюллетень басып шығарылған. Бір бюллетень құны - 11 теңге.ОСК: Бюллетеньдерді басып шығаруға 132 млн теңге қажет.
Сайлауды өткізу жоспары 2019 жылы 10 сәуірде Орталық Сайлау комиссиясының отырысында Қазақстан Республикасының президентінің кезектен тыс сайлауына дайындық және өткізу шараларының жоспары, сондай-ақ, сайлау құжаттарының формалары бекітілдіОрталық сайлау комиссиясы 2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізудің негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспарын бекітті.
10 сәуір — 28 сәуір, сағат 18:00 дейін: кандидаттарды ұсыну; 11 мамыр, сағат 18:00 дейін: кандидаттарды тіркеу; кандидат тіркелген сәттен — 8 маусым, сағат 00:00 дейін: сайлау алдындағы үгіт; 28 мамыр: теледебат; 8 маусым: үнсіздік күні; 9 маусым, сағат 7:00 мен 20:00 аралығы: дауыс беру күні; 10 мен 11 маусым аралығы: алдын-ала сайлау нәтижесін шығару; 11 мен 16 маусым аралығы: сайлау нәтижесін анықтау және сайланған президентті тіркеу.
Үміткерлерді ұсыну және тіркеу Тіркелген алты партияның бесеуі съезд өткізітіні жайлы мәлімдеді. «Нұр Отан» — 23 сәуір, «Ақ жол» — 24 сәуір, «Ауыл» — 25 сәуір, ал ҚКХПҚазақстан партиялары өз кандидатының аты-жөнін қашан жариялайды? мен ЖСДПЖСДП президент сайлауына Ермұрат Бәпидің кандидатурасын ұсынады — 26 сәуір. «Бірлік» партиясы съезд өткізуге дайындық уақыты тым аз екендігін желеу етіп, сайлауға қатысудан бас тартты"Бірлік" партиясы президент сайлауына қатысудан бас тартты.
2019 жылдың 17 сәуірі «Ұлы Дала Қырандары» Республикалық қоғамдық бірлестігі бірлестік тең төрағасы, жазушы — Түгел Сәдібекті президент үміткері ретінде ұсындыПрезидент сайлауына алғашқы кандидат құжат тапсырды .
23 сәуір күні Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясынан сайлауға уақытша президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың түсетіндігін мәлімдедіҚасым-Жомарт Тоқаевты президент сайлауына кандидат етіп ұсынды. ҚР "Сайлау туралы" Конституциялық заңына сәйкес сайлауға түсетін кандидатқа қойылатын талаптардың бірі - үміткер соңғы 15 жылда республика аумағында тұруы қажет. Сол себепті Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдегі дипломатиялық қызметі мен халықаралық ұйымдарда жұмыс істеген уақытының қаншалықты есепке алынатынын сұрап, Конституциялық Кеңеске жүгіндіТоқаев Конституциялық Кеңеске жүгінді. 25 сәуір Конституциялық Кеңес он бес жылдық мерзімге Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі персоналына жататын және оларға теңестірілген Қазақстан мүше болып табылатын халықаралық ұйымдар жанындағы лауазымдарға тағайындалған азаматтардың Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұру кезеңдері де есептелетіндігін мәлімдедіКОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС РЕСПУБЛИКА ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ӨТІНІШІ БОЙЫНША ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ .
24 сәуір Қазақстан кәсіподақтар федерациясы президенттікке кандидат ретінде «Батыс Қазақстан облысының кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы — Амангелді Сатыбалдыұлы Таспиховты ұсынды. 24 сәуірде өткен «Ақ жол» партиясының съезінде мәжіліс депутаты — Дания Еспаеваның сайлауға түсетіндігі мәлім болды. Ол Қазақстан тарихындағы президент сайлауына түскен алғашқы әйел болдыЕл тариxында алғаш рет әйел адам президенттіке үміткер ретінде ұсынылды.
25 сәуір «Ауыл» партиясы сайлауға түсетін кандидат ретінде Төлеутай Рақымбековты ұсынды"Ауыл" партиясы сайлауға Төлеутай Рақымбековті кандидат ретінде ұсынды.
ЖСДП президиум ұсынған кандидаттың сайлауға түспейтіндігін мәлімдеп, өтетін сайлауға бойкот жарияладыЖСДП президент сайлауына бойкот жариялады
2019 жылдың 26 сәуірі Қазақстан коммунистік халық партиясының съезінде 2011 жылғы сайлауда қатысқан Жамбыл Ахметбеков партия атынан сайлауға түсетіндігі мәлім болдыКоммунистер Жамбыл Ахметбековті президент сайлауына үміткер ретінде ұсынды.
26 сәуір «Ұлт тағдыры» ұлттық-патриоттық бірлескен қозғалысы» РҚБ сайлауға түсетін кандидат ретінде Әміржан Қосановты ұсынды"Ұлт тағдыры" Қосановты сайлауға кандидат ретінде ұсынды.
Тіркелген кандидаттар Кандидат,саяси партия/бірлестік Саяси қызметі Ұсынылған күні Тіркелген күніЖамбыл Аужанұлы Ахметбеков(58)Коммунистік халық партиясы Мәжіліс депутаты(2012 – осы кез)26 сәуір, 20196 мамыр, 2019Жамбыл Аужанұлы Ахметбековты Әміржан Сағидрахманұлы Қосановты Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралыДания Мәдиқызы Еспаева(58)Ақ жол Мәжіліс депутаты(2016 – осы кез)25 сәуір, 20194 мамыр, 2019Дания Мәдиқызы Еспаеваны Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралыӘміржан Сағидрахманұлы Қосанов(55)Ұлт Тағдыры Журналист27 сәуір, 20196 мамыр, 2019Әміржан Сағидрахманұлы Қосановты Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралыТөлеутай Сатайұлы Рақымбеков(54)Ауыл «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚТөрағасы26 сәуір, 20196 мамыр, 2019Төлеутай Сатайұлы Рақымбековты Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеу және халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу туралыАмангелді Сатыбалдыұлы Таспихов(59)«Қазақстан РеспубликасыКәсіподақтар федерациясы» РКБ «Батыс Қазақстан облысының кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасыМәжіліс депутаты(2004–2007)25 сәуір, 20194 мамыр, 2019Амангелді Сатыбалдыұлы Таспиховты Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралыҚасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев(66)Нұр ОтанҚазақстан Президенті(2019 – осы кез)ҚР Сенат Төрағасы(2007–2011 and 2013–2019)Женевадағы БҰҰ офисінің Бас директоры(2011–2013)Қазақстан сыртқы істер министрі(2002–2007)Қазақстан Премьер-Министрі(1999–2002)23 сәуір, 20193 мамыр, 2019Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралыСәді-Бек Түгел(64)Ұлы Дала Қырандары Ұлттық Ат спорты Федерациясының президенті22 сәуір, 20193 мамыр, 2019Сәді-Бек Түгелді Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы
Сәтсіз кандидаттар Талғат Файзоллаұлы Ерғалиев ("Қазақстанның құрылысшылар одағы" РЗТБ), бұрынғы Мәжіліс депутаты. Өз ұсынысын қайтып алды АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР. Жұматай Әлиұлы Әлиев («Халық демографиясы» қоғамдық бірлестігі), Орталық Азия Университетінің ректоры. Мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау бойынша лингвистикалық емтиханнан өте алмағандықтан, тіркеуден бас тартылдыЖуматай Әлиевті Қазақстан Республикасының Президенттігіне кадидат ретінде тіркеуден бас тарту туралы.
Сайлау науқаны Сайлауалды үгіт-насихат 11 мамыр мен 2019 жылдың 8 маусым, сағат 00:00 дейін созыладыСайлауалды үгіт-насихат жұмыстары басталды.Науқанды бұқаралық ақпарат құралыдары көмегімен, көпшілік алдындағы үгіт-насихат шаралары, сондай-ақ кандидаттың не оның өкілінің сайлаушылармен жеке кездесуі, баспа, аудиожазба не басқа да үгіт материалдарын шығару және тарату арқылы жүргізуге болады. Барлық БАҚ өкілдері нақты бір кандидатқа қарсы не жақтап үгіт жүргізбей нейтралитет ұстануы тиіс. 5 мамырға дейін басылымдар төлем мөлшері, эфир мен баспа алаңын ұсыну шарттары мен реті жайлы мәлімет жариялап, осы ақпарды ресми сайтта жариялануы үшін ОСК тапсыруы керек.
Сайлау қоры Қазақстан ОСК қаулысына сәйкес Қазақстан Президентіне кандидаттың сайлау қоры көлемі 1 млрд 147 млн теңгеден аспауы тиіс. Оның ішінде кандидаттың өз қаржысы және оны ұсынған қоғамдық бірлестіктің салымы 510 млн теңгеден, ал ерікті қайырмалдық көлемі 637,5 млн теңгеден аспауы тиісПрезидент сайлауы: әр кандидатқа бюджеттен 7,5 млн теңге бөлінуі мүмкін. Заңнамаға сәйкес жасырын қайырмалдық жасауға тыйым салынады. Жасырын жасалған қайырмалдық республика бюджетіне енеді. Кандидаттың бұқаралық ақпарат құралдарындағы үгіт-насихатына жұмсалатын қаржы 7,3 млн теңгеден аспауы керекӘрбір президенттікке үміткер бюджеттен қаражат алды.
2019 жылдың 7 маусымына белгілі ақпарат бойынша ең көп қаражат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлау қорына түсіп, 1, 147 млрд теңгені құраған, ал Әміржан Қосановтың қорына ең аз қаражат көлемі 112 млн теңге түскен; бұл көрсеткіш Нұр Отандық қарсыласынан 9,4 есе аз. Жиналған қаражаттың жалпы мөлшері 2 905 млрд теңге құрады, оның 2 848 млрд теңгесі жұмсалдыҚазақстан Республикасының Президентігіне кандидаттың сайлау қорына қаражаттың түскені және оның жұмсалуы туралы есебі aрнаулы уақытша шот ашу және сайлау қорының қаражатын жұмсау қағидалары 23 тармағына сәйкес(2019 жылдың 7 маусымына ақпарат).
Дебат