Тоғансай – Сырдария алабындағы өзен.

Географиялық орны Түркістан облысы Қазығұрт ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 69 км, су жиналатын алабы 694 км2.

Бастауы Қоржынтаудың батысындағы Тұғыртас тауынан басталып, Қабылсай өзеніне құяды.

Гидрологиясы Сол арнасы тік жарлы, оң жағы көлбеу. Жауын-шашын суымен толығады. Жылдық орташа су ағымы 1,5 м³/с. Суы егін суаруға пайдаланылады. Қазақ ұлттық энциклопедиясы, 18 том

Дереккөздер

Санат:Қазығұрт ауданы өзендері Санат:Сырдария су алабы