Абдулазиз Хатем Мохаммед Абдулла (, 28 қазан 1990 жыл, Доһа, Катар) — катарлық футболшы, жартылай қорғаушы. 2019 жылғы Азия чемпионы. Катар Ұлттық құрамасы мен "Әл-Гарафа" клубында ойнайды. Карьерасы Ұлттық құрама сапында 2015 жылдан бері ойнап келеді. 2015https://www.championat.com/football/_other/1016/player/76480.html , 2019 жылғы Азия чемпионаттарына қатысты. 2019 жылғы Азия чемпионатының финалында Жапония қақпасына екінші голды енгізді. Ойын 3:1 есебімен катарлықтардың пайдасына шешілді. Сондай-ақ Абдуазиз ширек финалда да Оңтүстік Кореяның қақпасына матч тағдырын шешкен жалғыз голды соқққан болатын.
2015 жылдан бері "Әл-Гарафа" клубында ойнайды. Оған дейін Доһаның "Әл-Араби" клубында сегіз маусым бойы ешқайда ауыспай ойнаған.
Жетістіктері Командалық
Азия чемпионы: 2019
Дереккөздер
Сілтемелер
Санат:Катар футболшылары Санат:Катар Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Әл-Араби Доһа ФК ойыншылары Санат:Әл-Гарафа ФК ойыншылары Санат:Футболдан Азия чемпиондары