Маркос Льоренте Морено (дұрыс оқылуы Ёренте, ; 30 қаңтар 1995https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/282411, Мадрид) — испаниялық футболшы, "Атлетико Мадрид" клубының жартылай қорғаушысы.
Карьерасы 2008 жылы "Реал Мадрид" балалар клубына қабылданды. 2015 жылы негізгі құрамда тұңғыш рет алаңға шықты. 2016/17 жылғы маусымды "Алавес" сапында арендада өткізді.
2017 жылы жазда "Реалға" қайта оралды. 2017/18 жылғы маусымда чемпиондар лигасында ойнайтын футболшылар тізіміне ілінді. Негізгі құрамда сирек ойнағанына қарамастан, бірнеше ірі жүлденің иесі атанып үлгерді.
2019 жылы жазда тағы бір мадридтік клуб — "Атлетикоға" ауысты.
Испанияның 19, 21 жастағы құрамаларында ойнаған. 21 жасқа дейінгілер арасындағы Еуропа чемпионы.
Жетістіктері Реал Мадрид
Испания суперкубогы: 2017 УЕФА Суперкубогы (2): 2016, 2017 Клубтар арасындағы әлем чемпионы (2): 2017, 2018 УЕФА Чемпиондар лигасы: 2017/18
Алавес
Испания кубогының финалисі: 2016/17
Испания (U 21)
Еуропа чемпионы (U 21): 2017
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі
Санат:Испания футболшылары Санат:Реал Мадрид Кастилья ФК ойыншылары Санат:Реал Мадрид ФК ойыншылары Санат:Алавес ФК ойыншылары Санат:Атлетико Мадрид ФК ойыншылары