Маттейс де ЛигтКей ақпарат көздерінде Маттейс де Лихт. (https://forvo.com/word/matthijs_de_ligt/#nl; , Лейдердорп, Нидерланд) — нидерланд футболшысы, "Манчестер Юнайтед" клубы мен Нидерланд құрамасының қорғаушысы.

Мансабы Клубтық 200px|нобай|солға|Де Лигт «Ювентус» құрамында 200px|thumb|right|Де Лигт «Бавария» құрамында Маттейс де Лигт «Абкауде» балалар клубында футболмен айналысуды бастаған. 2009 жылы 10 жасында «Аякс» футбол академиясына қосылды. 2015 жылы 16 жасында кәсіби карьерасындағы тұңғыш келісім шартын жасасты. 2016 жылы тәжірибе жинақтау үшін «Йонг Аякс» клубына жіберілді. 2016/17 жылғы маусымда «Аякстың» бас командасына кеп қосылды.

2018/19 жылғы маусымда клубтың капитаны боп тағайындалды.

2019 жылы 18 шілдеде «Ювентуспен» бес жылдық келісім шарт жасасты. «Ювентус» футболшы үшін 75 млн еуро төледі.

2019/20 маусымда «Ювентус» сапында Италия чемпионатында 29 матч (4 гол) өткізіп, ел чемпионы атанды. 2020/21 маусымда Италия чемпионатында 27 матч өткізді.

2022 жылы 19 шілдеде «Бавария» клубымен бес жылдық келісімшартқа қол қойды.

2024 жылдың 13 тамызында «Манчестер Юнайтед» командасына ауысып, ағылшын клубымен бес жылдық келісімшартқа қол қойды. Трансфер сомасы 45 млн евроны (38,4 млн фунт) құрады, қосымша 5 млн евро бонус түрінде қарастырылған. 2024 жылдың 16 тамызында Премьер-лига аясында «Фулхэмге» қарсы матчта «Манчестер Юнайтед» сапында дебют жасады.

Ұлттық құрамада Де Лигт Нидерландының жастар құрамасында 15 жасқа дейінгі, 16 жасқа дейінгі, 17 жасқа дейінгі және 19 жасқа дейінгі деңгейлерде ойнаған.

2017 жылы 25 наурызда Де Лигт Нидерландының ересектер құрамасында алғаш рет 2018 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Болгарияға қарсы сырт алаңда 2:0 есебімен жеңіліс тапқан ойында дебют жасады. 17 жасында ұлттық құрамада бастапқы құрамда ойнаған ең жас ойыншы болды. 17 мамырда Мароккоға қарсы 2:1 есебімен өткен жолдастық матчта екінші рет алаңға шыққан кезінде қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.

2018-19 жылғы УЕФА Ұлттар Лигасының топтық кезеңінде Де Лигт Германия мен Францияға қарсы төрт матчтың барлығында 90 минут ойнады.

2019 жылы 24 наурызда Де Лигт УЕФА Еуро-2020 іріктеу кезеңінде Германияға қарсы ойында Нидерланд құрамасы үшін алғашқы голын соқты, ойын 3:2 есебімен Германия жеңісімен аяқталды.

2019 жылғы мамырда Де Лигт Ұлттар Лигасының финалдық кезеңіне қатысатын Нидерланд құрамасына шақырылды. 5 маусымда Англияға қарсы жартылай финалда баспен соққан голымен 3:1 есебімен жеңіске жетті. Төрт күннен кейін Португалияға қарсы финалда капитан Вирджил ван Дейкпен бірге орталық қорғаныста ойынға шықты, алайда Нидерланд құрамасы 1:0 есебімен жеңілді.

Де Лигт УЕФА Еуро-2020 турниріне қатысқан Нидерланд құрамасының мүшесі болды. Украинаға қарсы алғашқы матчты жіберіп алғаннан кейін, 2021 жылғы 17 маусымда Аустрияға қарсы дебют жасады. 27 маусымда Чехияға қарсы 1/8 финалында қолмен ойнап, қызыл қағаз алды, матч 2:0 есебімен аяқталды.

2022 жылдың 14 маусымында Де Лигт алғаш рет Уэльске қарсы 3:2 есебімен өткен ойында Нидерланд құрамасын капитан ретінде бастап шықты.

2022 жылдың қарашасында ол 2022 жылғы Әлем чемпионатына қатысатын Нидерланд құрамасына шақырылып, ашылу матчында Сенегалға қарсы негізгі құрамда ойнады және 1/8 финалында АҚШ-қа қарсы 3:1 есебімен жеңіске жеткен ойында ауыстыруға шықты.

2023 жылғы УЕФА Ұлттар Лигасының финалдық кезеңіне қатысу үшін бастапқыда Нидерланд құрамасына шақырылғанымен, жарақатына байланысты қатыса алмады, оның орнына Дейли Блинд шақырылды.

2024 жылғы 29 мамырда Де Лигт УЕФА Еуро-2024 турниріне Нидерланд құрамасының тізіміне енгізілді, бірақ турнир барысында бірде-бір матчқа қатысқан жоқ.

Жеке өмірі 2024 жылғы 7 маусымда Де Лигт көптен бері кездесіп жүрген голландиялық модель әрі Кеже Моленардың қызы Аннеке Моленарға үйленді.

Жетістіктері Командалық «Аякс» Нидерланд чемпионы: 2018/19 Нидерланд кубогының иегері: 2018/19 УЕФА Еуропа Лигасының финалисі: 2016/17

«Ювентус» Италия чемпионы: 2019/20 Италия кубогының иегері: 2020/21 Италия суперкубогының иегері: 2020

«Бавария» Германия чемпионы: 2022–23 Германия суперкубогының иегері: 2022

УЕФА Ұлттар Лигасының 2019 жылғы күміс жүлдегері

Жеке Амстердам кубогының үздік ойыншысы: 2015 УЕФА Еуропа Лигасының 2016/17 жылғы құрамасына кіреді</ref> Нидерландтағы футбол таланты: 2017/18 Golden Boy сыйлығының иегері: 2018 Нидерландтағы жыл футболшысы: 2019 УЕФА Чемпиондар Лигасының символикалық құрамасы: 2018/19 ФИФПРО құрамасының мүшесі: 2019 «Копа» олжасының иегері: 2019 УЕФА символикалық құрамасының мүшесі: 2019

Статистика Клуб 2024 жылғы 4 қарашасындағы жағдай бойынша

+ Клубтар, маусымдар және жарыстар бойынша бөлінген ойындар мен голдарКлубМаусымЛигаҰлттық кубок Лига кубогы ЕурокубокБасқасыБарлығыДивизионОйынГолОйынГолОйынГолОйынГолОйынГолОйынГолЙонг Аякс[2016–17]]Эрстедивизи171————171Аякс2016–17Eredivisie11231—90—2332017–18Eredivisie33320—40—3932018–19Eredivisie33351—173—557Барлығы778102—3030011713Ювентус2019–20А сериясы29440—60003942020–21А сериясы27140—50003612021–22А сериясы31340—7000423Барлығы878120—180001178Бавария2022–23Бундеслига31340—70104332023–24Бундеслига22210—6010302Барлығы53550—13020735Манчестер Юнайтед2024–25Премьер лига101002020—141Карьерасында барлығы 24423272206332033828

+ Нидерланд құрамасы сапында голдары №КүнӨткен жерОйынҚарсыласГолЕсепСайысДереккөз 1 24 наурыз 2019 Йохан Кройф Арена, Амстердам, Нидерланд 15 Германия 1–2 2–3 Еуро 2020 іріктеу турнирі 2 6 June 2019 Афонсу Энрикиш, Гимарайнш, Португалия 16 Англия 1–1 3–1 УЕФА Ұлттар Лигасы 2018/19, плей-офф

Дереккөздер

Сілтемелер ФК Бавария ресми сайтындағы профилі

Санат:Нидерланд футболшылары Санат:Нидерланд Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Аякс Амстердам ФК ойыншылары Санат:Ювентус ФК ойыншылары Санат:Бавария ФК ойыншылары