Френки де Йонг (; 12 мамыр 1997 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/326330, Аркел, Нидерланд) — нидерландылық футболшы, "Барселона" клубы мен Нидерланд Ұлттық футбол құрамасының жартылай қорғаушысы. 2019 жылғы УЕФА Ұлттар Лигасының финалисі.

Карьерасы

Клубтық thumb|left|Френки де Йонг Аякс сапында, 2019 жыл. Карьерасында "Де Виллем", "Аякс" клубтарында ойнаған.https://int.soccerway.com/matches/2015/05/10/netherlands/eredivisie/sbv-willem-ii-tilburg/hfc-ado-den-haag/1691057/

2019 жылдың шілде айында "Барселона" футбол клубына 75 млн еуроға ауысты. https://www.independent.co.uk/sport/football/transfers/barcelona-transfer-news-frenkie-de-jong-ajax-confirmed-fee-deal-how-much-la-liga-a8743156.html

Барселонаның бас бапкері Хави Френки Де Йонгты Серхио Бускетстің орнын басар таптырмас ойыншы ретінде санайдыhttps://playingfor90.com/2023/01/06/xavi-bets-frenkie-de-jong/. Клуб капитаны Серхио Бускетс кеткеннен кейін, 2023 жылы 21 шілдеде де Йонг Барселонаның төртінші капитаны болып тағайындалды.

Ұлттық Құрама Ұлттық құрама сапындағы тұңғыш ойынын 2018 жылы 6 қыркүйек күні Перуге қарсы жолдастық кездесуде өткізді. УЕФА Ұлттар Лигасының топтық турниріне, финалдық кезеңіне және финалдық матчына қатысты.

Оған дейін Нидерландтың түрлі жастағы құрамаларында ойнады.

Жетістіктері Клубтық Аякс Нидерланд чемпионы: 2018/19 Нидерланд кубогы: 2018/19

Барселона Испания чемпионы: 2022/23, 2024/25 Испания кубогы: 2020/21, 2024/25 Испания суперкубогы: 2023, 2025

Жеке

Нидерланд чемпионатының маусымдық таланты: 2016/17 Нидерланд чемпионатының ең үздік ойыншысы (ай): 2018 Желтоқсан, 2019 Ақпан Нидерланд чемпионатының ең үздік маусымдық ойыншысы: 2018/19 Нидерланд чемпионатының ең үздік құрамына кіреді: 2018/19 УЕФА Чемпиондар Лигасының ең үздік құрамына кіреді: 2018/19 УЕФА Чемпиондар Лигасының ең үздік жартылай қорғаушысы: 2018/19

Ұлттық құрамада

УЕФА Ұлттар Лигасының финалисі: 2019

Сілтеме Профилі (onsoranje.nl)

Дереккөздер

Санат:Нидерланд футболшылары Санат:Нидерланд Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Виллем ІІ ФК ойыншылары Санат:Аякс Амстердам ФК ойыншылары Санат:Барселона ФК ойыншылары