Николя Алексис Хулио Н’Кулу Н’Дубена (; 27 наурыз 1990https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/60577, Яунде, Камерун) — камерундық футболшы, Италияның "Торино" клубының қорғаушысы. Камерун Ұлттық футбол құрамасында ойнаған.

Биографиясы

Клубтық Камерунның "Каджи Спортс Академия" клубының түлегі. 2007 жылы бір маусым "Монако" жастар клубында ойнады да, 2008 жылы тұңғыш рет кәсіпқой футболшы ретінде Франция чемпионатында ойнады. 2008 жылы 13 қыркүйек күні 5-турда "Лорьянға" қарсы ойында алаңға шықты.

2011-16 жылдары "Олимпик Марсель", содан соң бір маусым "Олимпик Лион" сапында ойнады.

2017 жылы "Ториноға" ауысты.

Ұлттық құрамада 2008 жылы Пекиндегі Жазғы Олимпиада ойындарына қатысты. Сол жылы 19 қараша күні ОАР-ға қарсы ойында тұңғыш рет ұлттық құрама сапында алаңға шықты.

2017 жылғы Африка Ұлттары кубогында Камерун финалға шықты да, Мысырмен ойнады. Николя осы ойында бір доп соқты. Кмерун құрамасы 2:1 есебімен жеңіске жетіп, Африка чемпионы атанды.

Жетістіктері

«Марсель»

Франция лигасы кубогы: 2011/12

Камерун

Африка чемпионы: 2017

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі

Санат:Камерун футболшылары Санат:Камерун Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Монако ФК ойыншылары Санат:Олимпик Марсель ФК ойыншылары Санат:Олимпик Лион ФК ойыншылары Санат:Торино ФК ойыншылары Санат:Футболдан Африка чемпиондары