Харри Кьюэлл (; 22 қыркүйек 1978https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/3241, Смитфильд, Сидней қалалық агломерациясы, Жаңа Оңтүстік Уэльс) — аустралиялық және англиялық футболшы, жартылай қорғаушы. Қазір бапкерлікпен айналысады.

Мансабы Клубтық 1995 жылы "Лидс Юнайтед" сапына ауысты. 2000-жылдардың басында бұл клуб қатты күшейді де, Кьюэлл командада Робби Кин, Ли Бойер, Алан Смит, Марк Видука, Рио Фердинанд секілді футболшылармен бірге доп тепті. Тіпті 2000/01 маусымда команда Чемпиондар Лигасының жартылай финалына дейін жетті. Бірақ Дэвид У'Лири команда бапкерлігінен кетті де, орнына Питер Рид келген соң команда нашарлап кетті. Осылайша 2002/03 жылғы маусымнан соң Кьюэлл "Ливерпульге" ауысты.

Кьюэлл "Ливерпуль" сапында аса жарқырай алмады, оған жиі жарақаттануы себеп болды. Соған қарамастан 2005 жылы Чемпиондар Лигасы мен УЕФА Суперкубогының жеңімпазы атанды.

2008 жылы "Галатасарайға" ауысты да, кейінгі жылдарда оншалық көзге түспеді.

Ұлттық құрама 1996-2012 жылдары Аустралия құрамасы сапында көптеген ірі турнирлерге қатысты, 2004 жылы ОФК чемпионы атанды. Ал 2011 жылы Азияның күміс жүлдегері атанды (Аустралия құрамасы 2005 жылы ОФК-дан АФК құрамына ауысқан болатын).

Жетістіктері «Лидс»

Англия жастар кубогы (1997)

«Ливерпуль»

Чемпиондар Лигасы (2005) УЕФА Суперкубогы (2005) Англия кубогы (2006) Англия суперкубогы (2006)

«Галатасарай»

Түркия суперкубогы (2008)

Аустралия құрамасы

Конфедерациялар кубогының финалисі (1997) ОФК чемпионы (2004)

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі мен статистикасы Профилі Профилі Профилі Профилі

Санат:Аустралия футболшылары Санат:Аустралия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Лидс Юнайтед ФК ойыншылары Санат:Ливерпуль ФК ойыншылары Санат:Галатасарай ФК ойыншылары Санат:Әл-Гарафа ФК ойыншылары Санат:Мельбурн Виктори ФК ойыншылары Санат:Футболдан Океания чемпиондары Санат:Аустралия футбол жаттықтырушылары