Дуэйн Сейнт Обин Миллер (; 14 наурыз 1987https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/111927, Сент-Томас, Ямайка) — ямайкалық футболшы, Ямайка Ұлттық футбол құрамасы мен "Сюрианска" (Швеция) клубының қақпашысы.

Карьерасы Ямайка және Швеция клубтарында ойнаған.

2007 жылы 28 маусымда Малайзияға қарсы жолдастық кездесуде тұңғыш рет Ямайка Ұлттық құрамасы сапында алаңға шықты. 2009, 2011, 2015, 2017 жылдары КОНКАКАФ Алтын кубогына барған футболшылар тізіміне қосылды. Одан бөлек 2015 жылы Америка кубогына да шақыртылды.

Жетістіктері

Ямайка чемпионы: 2006/07, 2009/10 Швеция екінші дивизионының жеңімпазы: 2010 Кариб кубогының жеңімпазы: 2008, 2010 КОНКАКАФ Алтын кубогының күміс жүлдегері: 2015, 2015

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі

Санат:Ямайка футболшылары Санат:Ямайка Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Харбор Вью ФК ойыншылары Санат:Сюрианска ФК ойыншылары Санат:Тиволи Гарденс ФК ойыншылары