Маркос Аоас Корреа (; 14 мамыр 1994 жыл, Сан-Паулу, Бразилия) немесе қысқаша Маркиньос () — бразилиялық футболшы, "Пари Сен-Жермен" клубы мен Бразилия құрамасының қорғаушысы.

Мансабы Балалық шағында сегіз жыл бойы "Коринтианс" клубының жастар командасында доп тепті де, 2011 жылы кәсіпқой футболшы ретінде карьерасын бастады. 2012 жылы "Коринтинас" Либертадорес кубогын жеңіп алған соң футболшыны "Рома" клубы сатып алды. "Рома" сапында Италия кубогының финалисі атанды.

2013 жылы шілдеде "Пари Сен-Жермен" 31,4 млн еуроға футболшыны сатып алды. Бұл 20 жасқа дейінгі футболшылар арасындағы ең қымбат трансфер. "Пари Сен-Жерменге" "Челсиден" Давид Луиз келген соң Маркиньос алаңға сирек шыға бастады. Екі жылдан соң Луис қайта "Челсиге" кетті де, Маркиньос париждік клубтың негізгі құрамына толық орнықты.

2013-2019 жылдар аралғында "Пари Сен-Жермен" сапында 17 жүлдеге қол жеткізді.

Жетістіктері

Командалық

«Коринтианс»

Либертадорес кубогы: 2012

«Рома»

Италия кубогы: 2012/13

«Пари Сен-Жермен»

Франция чемпионы (4): 2013/14, 2014/15, 2015/16, 2017/18 Франция кубогы (4): 2014/15, 2015/16, 2016/17, 2017/18 Лига кубогы (5): 2013/14, 2014/15, 2015/16, 2016/17, 2017/18. Франция суперкубогы (4): 2014, 2015, 2017, 2018.

Бразилия

Жастар арасындағы Оңт. Америка чемпионы (17): 2011 Олимпиада чемпионы: 2016 Америка кубогының жеңімпазы: 2019

Жеке

Франция чемпионатындағы жылдың символикалық құрамасы: 2017/18

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі («Пари Сен-Жермен» клубының ресми сайтындағы)

Санат:Сан-Паулуда туғандар Санат:Бразилия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Бразилия футболшылары Санат:Коринтианс ФК ойыншылары Санат:Рома ФК ойыншылары Санат:Пари Сен-Жермен ФК ойыншылары Санат:Футболдан Оңтүстік Америка чемпиондары Санат:Футболдан Олимпиада чемпиондары Санат:2016 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпиондары Санат:Бразилия Олимпиада чемпиондары Санат:Алфавит бойынша Олимпиада чемпиондары