Карлос Арнольдо Сальсидо Флорес (; 2 сәуір 1980https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/31434, Окотлан, Халиско) — мексикалық футболшы, қорғаушы. 2006, 2010, 2014 жылдары әлем чемпионаттарына қатысқан.
Карьерасы
Клубтық 2001 жылдан "Гвадалахара" сапында Мексика чемпионатында ойнай бастады. Командада 5 маусым ойнап, 100-ден аса ресми ойында алаңға шықты.
2006 жылғы әлем чемпионатында көзге түсті де, Еуропаның бірнеше клубы өздеріне шақырды. 2006 жылы 10 шілдеде "ПСВ Эйндховен" клубына ауысты. 13 тамыз күні "Аяксқа" қарсы ойында тұңғыш матчын өткізді. 2007 жылы командадан Микаэль Райцигер кетті де, Сальсидо 3-нөмірлі жейдені киді. Сондай-ақ клубтың вице-капитаны боп тағайындалды.
2010 жылы "Фулхэмге" ауысты. Бір маусымнан соң еліне оралып, "УАНЛ Тигреске" жалға берілді, 2012 жылы түпкілікті ауысты.
2014 жылы "Гвадалахара" футболшысы атанды.
2018 жылдың соңында "Веракрусқа" ауысып, 2019 жылдың соңында карьерасын аяқтады.
Ұлттық құрама 2004-2014 жылдар аралығында Мексика құрамасында доп тепті. 10-нан аса ірі турнирге қатысты (үш әлем чемпионаты мен үш КОНКАКАФ Алтын кубогына, 2005, 2013 жылдары Конфедерациялар кубогына, 2007 жылы Америка кубогына, 2012 жылы Жазғы Олимпиада ойындарына.
Жетістіктері
Командалық ПСВ
Нидерланд чемпионы: 2006/07, 2007/08 Нидерланд суперкубогы — 2008
УАНЛ Тигрес
Мексика чемпионы — Апертура 2011
Халықаралық Мексика
Олимпиада чемпионы: 2012 КОНКАКАФ Алтын кубогының жеңімпазы: 2011
Дереккөздер
Сілтемелер Футболшының профилі
Санат:Мексика футболшылары Санат:Мексика Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Гвадалахара ФК ойыншылары Санат:ПСВ ФК ойыншылары Санат:Фулхэм ФК ойыншылары Санат:УАНЛ Тигрес ФК ойыншылары Санат:Футболдан Олимпиада чемпиондары Санат:Футболдан Солтүстік Америка чемпиондары Санат:Веракрус ФК ойыншылары Санат:2012 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпиондары Санат:Мексика Олимпиада чемпиондары Санат:Алфавит бойынша Олимпиада чемпиондары