Антониос (Адонис) Никополидис (; 14 қаңтар 1971https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/9843, Арта, Грекия) — грекиялық футболшы, қақпашы, футбол жаттықтырушысы. Грекия жастар құрамасының бапкері. 2004 жылғы Еуропа чемпионы.

Карерасы Карерасын "Аннагениси Артас" клубында бастап, 1989 жылы "Панатинаикосқа" ауысты. 1990/91 жылғы маусымда клуб сапындағы тұңғыш ойынын болашақ командасы "Олимпиакосқа" қарсы өткізді. Афиналық клуб сапында 2004 жылға дейін ойнады.

2004 жылғы Еуропа чемпионатынан соң "Олимпиакосқа" ауысып, 2011 жылы 20 жылға созылған карьерасын аяқтады.

2012 жылдан бапкерлікке кірісе бастады. 2013 жылы қаңтарда "Олимпиакостың" бапкерлік қызметін уақытша атқарды. Оның жаттықтыруымен клуб үш ойын өткізді.

2015 жылы Грекия жастар құрамасының жаттықтырушысы боп тағайындалды.

1997 жылы 18 тамызда Сальвадорға қарсы жолдастық кездеуде тұңғыш рет Грекия құрамасы сапында алаңға шықты. 2008 жылғы Еруопа чемпионатынан соң құрамадағы карьерасын аяқтады.

Жетістіктері

Клубтық

Грекия чемпионы: 1995, 1996, 2004, 2005, 2006, 2007, 2008, 2009, 2011

Грекия кубогы: 1996, 2004, 2005, 2006, 2008

Грекия суперкубогы: 2007

Чемпиондар лигасының ширек финалисі: 2002

Халықаралық

Еуропа чемпионы: 2004

Дереккөздер

Сілтемелер Футболшының профилі (national-football-teams)

Санат:Грекия футболшылары Санат:Грекия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Панатинаикос ФК ойыншылары Санат:Олимпиакос Пирей ФК ойыншылары Санат:Грекия футбол жаттықтырушылары Санат:Олимпиакос Пирей ФК жаттықтырушылары Санат:Футболдан Еуропа чемпиондары