Көкентау, Кәкентау – Семейтау тауларының оңтүстігіндегі тау.

Географиялық орны Абай облысы Жаңасемей ауданында орналасқан.

Жер бедері Тау солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 15 км-ге созылып жатыр, ені 10 км-ге жуық. Абсолюттік биіктігі 825 м.

Геологиялық құрылымы, жер бедері Тау герцин дәуірі гранитоидтарынан түзілген. Солтүстік беткейі тік, шатқалды, борпылдақ жынысты, оңтүстік көлбеу.

Өсімдігі Қиыршықтасты қызғылт қоңыр топырағында селеу, жусан, сай-жыраларында қараған, итмұрын, т.б. өседі. Мал жайылымына қолайлы.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Жаңасемей ауданы таулары