Роман Александрович Лучкин (29 қыркүйек 1974 жыл, Алматы, Қазақ КСР, КСРО) — қазақстандық футболшы, шабуылшы.
Карьерасы Карьерасын 1993 жылы Алматының "Достық" клубында бастады. Сол жылы клуб Қазақстан кубогын иеленді. Финалда Лучкин "Тараздың" қақпасына екі гол соқты. Бұл ойында "Достық" 4:2 есебімен жеңіске жетті. Бірақ осы маусымнан соң "Достық" тарады да, команда мүшелері түрлі клубтарға ауысып кетті. Лучкин "Ақтөбеге" өтті.
Бұдан соң еш клубта тұрақтап ойнамады. 1997 жылы "Қайратқа" ауысты, бір жылдан соң "Қайрат" екіге бөлінді де, Лучкин жаңадан құрылған "ЦСКА-Қайратты" таңдады.
1999 жылы "ЦСКА-Қайраттан" кетіп, еркін агент атанды. Бұдан соң оған еш клубтан ұсыныс түспеді.
Жетістіктері Достық
Қазақстан кубогының иегері: 1993
Сілтемелер Футболшының профилі
Санат:Қазақстан футболшылары Санат:Достық Алматы ФК ойыншылары Санат:Ақтөбе ФК ойыншылары Санат:БГС Ақсай ФК ойыншылары Санат:Горняк Хромтау ФК ойыншылары Санат:Қайрат ФК ойыншылары Санат:ЦСКА Алматы ФК ойыншылары