Олег Владимирович Мусин (12 қаңтар 1975 жыл, Мәскеу, КСРО) — қазақстандық және ресейлік футболшы, қорғаушы.

Карьерасы 2003 жылы Саратовтың "Сокол" клубында ойнап жүріп, Қазақстан Ұлттық құрамасының ресейлік бапкері Леонид Пахомов Қазақстан құрамасына шақырды. 2004 жылдың күзіне дейін ұлттық құрамада алты кездесуде алаңға шықты. Бірақ құраманың кейінгі бапкерлері Мусинді қайтадан шақырмады.

Қазақстан ұлттық құрамасында ойнауы қазақстан клубтарында доп тебуіне себін тигізді. 2004 жылы "Қайрат" сапында ойнап, Қазақстан чемпионы атанды. Бірақ маусым соңында клубтан кетті де, Қазақстанға 2006 жылы ғана оралды. Бұл жолы "Ақтөбенің" қатарын толықтырды.

2007 жылы қайтадан Ресейге кетті.

2010 жылы карьерасын аяқтады.

Жетістіктері

Қазақстан чемпионы: 2004 Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2006 Қазақстан кубогының финалисі: 2004 Ресей 1-дивизионының жеңімпазы: 2000 Ресей 2-дивизионының жеңімпазы (2): 2007, 2008

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі

Санат:Ресей футболшылары Санат:Қазақстан футболшылары Санат:Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Динамо Барнаул ФК ойыншылары Санат:Сокол ФК ойыншылары Санат:Қайрат ФК ойыншылары Санат:Ақтөбе ФК ойыншылары