Лука Йович (; 23 желтоқсан 1997 жыл, Биелина, Босния және Герцеговина) — сербиялық футболшы, Сербия Ұлттық футбол құрамасы мен "Реал Мадрид" клубының шабуылшысы.

Карьерасы

Клубтық Сегіз жасында "Црвена Звезда" клубының академиясына қабылданды. 16 жасында негізгі клубтың құрамына қосылды. 2014 жылы 28 мамырда "Войводинаға" қарсы кездесуде тұңғыш рет кәсіби футболшы ретінде алаңға шықты. Үш минуттан соң тұңғыш голын да соғып үлгерді.

2016 жылы 30 қаңтарда "Бенфика" сапына ауысты. Бірақ негізгі құрамға іліге алмай, 2017 жылы жазда "Айнтрахт Франкфурт" клубына жалға берілді. 2018/19 жылғы маусымда Германия чемпионатында 17 гол соқты, ал Еуропа Лигасында 10 голдың авторы атанды.

2019 жылы 4 маусымда "Реал Мадрид" клубына ауысты. Бұл командада алаңға жиі шыға алмады.

2021 жылы қаңтарда бұрынғы клубы "Айнтрахтыға" жалға берілді.

Ұлттық құрама 2018 жылы 4 маусымда тұңғыш рет Ұлттық құрама сапында алаңға шықты. 2018 жылғы әлем чемпионатына қатысып, Бразилиямен ойында екі минут қана алаңда ойнады.

Жетістіктері

Црвена Звезда

Сербия чемпионы: 2013/14

Бенфика

Португалия чемпионы: 2015/16

Айнтрахт Франкфурт

Германия кубогы: 2017/18

Дереккөздер

Сілтемелер Футболшының профилі

Санат:Црвена Звезда ФК ойыншылары Санат:Бенфика ФК ойыншылары Санат:Айнтрахт Майндағы Франкфурт ФК ойыншылары Санат:Реал Мадрид ФК ойыншылары Санат:Сербия футболшылары Санат:Сербия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары