«Сент-Трюйден» () — Бельгияның Сент-Трюйден қаласындағы футбол клубы.

1951 жылдан бері "корольдік клуб" деген мәртебесі бар. 1957 жылы тұңғыш рет Бельгияның жоғары дивизионына жолдама алды. 1965/66 жылғы маусымда Бельгия чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Бұл клубтың осы күнге дейінгі тарихтағы ең жоғары табысы боп қалды.

Еурокубоктерде тек 2000 және 2003 жылдары Интертото кубогында ойнады.

Жетістіктері

Бельгия чемпионатының күміс жүлдегері: (1) 1965/66. Бельгия кубогының финалисі: (2) 1970-71, 2002-03. Бельгия лига кубонының иегері: (1) 1997-98. 2-дивизион жеңімпазы: (4) 1987, 1994, 2009, 2015.

Атақты футболшылары

Одилен Полленис (1968 жылғы Алтын бутсы иегері) Симон Минолье Марк Вильмотс Младен Рудонья

Сілтемелер http://www.stvv.com/

Санат:Бельгия футбол клубтары