«Аустрия» (нем. FK Austria Wien, және FK Austria Vienna) — Аустрияның Вена қаласындағы кәсіби футбол клубы. Аустрияның ең титулды клубтарының бірі, 1911 жылы құрылған.

Тарихы 1911 жылы 15 наурызда Wiener Amateur Sportvereinigung деген атаумен өз тарихын бастады. 1924 жылы тұңғыш рет Аустрия чемпионы атанды. 1926 жылы кәсіпқой клуб статусын алды да, екінші рет Аустрия чемпионатында топ жарды.

Клуб 30-жылдары тіпті күшейді. Кейін Германия Аустрияны жаулап алғасын клуб бірнеше белді ойыншыларынан айрылды. Кейін Аустрия футболы тарихындағы ең үздік футболшы атанған Маттиас Синделар 1939 жылы жұмбақ жағдайда қайтыс болды. Германияның қарамағында өткен жылдары клуб ешқандай жүлде ұта алмады, бірақ "Аустрия" атауын сақтап қала алды.

1949 жылы араға 23 жыл салып үшінші рет чемпион атанды.

Жетістіктері

Ұлттық Аустрия чемпионы (24): 1923/24, 1925/26, 1948/49, 1949/50, 1952/53, 1960/61, 1961/62, 1962/63, 1968/69, 1969/70, 1975/76, 1977/78, 1978/79, 1979/80, 1980/81, 1983/84, 1984/85, 1985/86, 1990/91, 1991/92, 1992/93, 2002/03, 2005/06, 2012/13 Аустрия кубогы (27): 1921, 1924, 1925, 1926, 1933, 1935, 1936, 1948, 1949, 1960, 1962, 1963, 1967, 1971, 1974, 1977, 1980, 1982, 1986, 1990, 1992, 1994, 2003, 2005, 2006, 2007, 2009 Аустрия суперкубогы (6): 1990, 1991, 1992, 1993, 2003, 2004

Сілтемелер Ресми сайты

Санат:Аустрия футбол клубтары