Жас қанат стадионы Қайта өңдеуден өткені2018Сыйымдылығы5000ТөсенішЖасандыИесіКомандасыКаспий футбол клубы
Жас Қанат — Қазақстанның Ақтау қаласындағы футбол стадионы. "Каспий" футбол клубы өз алаңындағы ойындарын өткізеді. Бір мезетте 5000 адам жайғаса алады.
Реконструкция 2018 жылы күрделі жөндеуден өтті. Оған 2017 жылы Қазақстанның футбол федерациясының стадионда чемпионат ойындары мен кубок матчтары өтуіне тыйым салулары себеп болды. Себебі, алаңдағы көгал өте сапасыз болатын. Осыдан соң "Каспий" клубы өз алаңындағы ойындарын Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпаов атындағы стадионда өткізіп жүрді. Ал стадионды жөндеу 2018 жылы ғана қолға алынды даhttps://www.inaktau.kz/news/2016171, алаң сапасы жақсартылып, 2018 жылғы тамыз айында стадион толық дайын болдыhttps://www.lada.kz/aktau_news/sport/61872-na-novom-gazone-stadiona-zhas-kanat-v-aktau-proveli-pervuyu-trenirovku.html. Сыйымдылығы 4500 адамнан 5000 адамға дейін көбейтілді.
2018 жылы 11 қыркүйекте ҚФФ стадионда матчтар өткізе беруге ресми түрде рұқсат етті. Бірақ 2019 жылғы тексеруде бәрібір ҚФФ қойған талаптарға толық сай емес екендігі анықталдыhttps://www.inaktau.kz/news/2365053/ne-dotagivaet-eksperty-ocenili-stadion-zas-kanat-v-aktau. Дереккөздер
Сілтемелер
Санат:Стадиондар Санат:Қазақстан стадиондары