Томаш Скухравы (; 7 қыркүйек 1965 жылhttps://www.national-football-teams.com/player/13768.html, Чески-Брод, Чехословакия) — чехословакиялық және чехиялық футболшы, шабуылшы. 1990 жылғы әлем чемпионатына қатысқан.
Чехословакия құрамасы сапында тұңғыш рет 1985 жылы 4 қыркүйекте Польшаға қарсы жолдастық ойында алаңға шықты.
1990 жылғы әлем чемпионатында бес гол соғып, мергендер көшінде италиялық Сальваторе Скиллачиден кейін екінші орын алды. Осы әлем чемпионатының символикалық құрамына енді. 1/8 финалда Коста-Риканың қақпасына үш гол соқты, үшеуін де баспен соқты. 2002 жылға дейін баспен гол соғып хет-трик жасаған жалғыз футболшы боп тұрды, бұл ерлігін 2002 жылы неміс Мирослав Клозе қайталады.
Чехословакия сапындағы соңғы ойынын 1994 жылғы әлем чемпионатының іріктеуінде 1993 жылы 17 қарашада Бельгияға қарсы өткізді (бұл кезде Чехия мен Словакия бөлініп кеткен-ді). Чехия құрамасы сапында 1996 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеуіне қатысты, бірақ финалдық турнирде ойнайтын құрамға ілінбеді.
Жетістіктері
Командалық
«Спарта» (Прага)
Чехословакия чемпионы (5): 1984, 1987, 1988, 1989, 1990 Чехословакия кубогы (3): 1984, 1988, 1989
«Спортинг» (Лиссабон)
Португалия чемпионатының қола жүлдегері: 1996 Португалия кубогының финалисі: 1996
Жеке
Чехословакиядағы жыл футболшысы: 1991 ӘЧ "Күміс доп" иегері: 1990 (5 гол)
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі (worldfootball.net) Статистикасы (eu-football.info) Статистикасы (rsssf.com) Профилі (footballplayers.ru) Профилі (fannet.org)
Санат:Чехословакия футболшылары Санат:Чехословакия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Чехия футболшылары Санат:Чехия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Спарта Прага ФК ойыншылары Санат:Дженоа ФК ойыншылары Санат:Спортинг Лиссабон ФК ойыншылары Санат:Виктория Жижков ФК ойыншылары