«Динамо» МВД — Қырғызстанның Бішкек қаласындағы футбол клубы, 1930 жылы құрылып, 2012 жылы тарап кетті. Өз алаңындағы ойындарын Бішкектегі "Спартак" стадионында өткізді.

Тарихы Кеңес дәуірінде Қырғыз КСР чемпионатында және Қырғыз КСР кубогында ойнады.

1995 жылы тұңғыш рет Қырғызстан жоғары лигасында ойнады. Клуб тез күшейді де, 1997-99 жылдары қатарынан үш рет Қырғызстан чемпионы атанды.

Жаңа ғасыр басталғанда клуб дағдарысқа ұшырады, атауын бірнеше рет ауыстырды. 2003 жылдың соңында жабылып қалды.

2012 жылы қайта құрылды да, бірден жоғары лигада ойнап, маусым қорытындысында 4-орынға табан тіреді. Бірақ маусым біткен соң тағы да тарап кетті.

Атаулары

1930-1995 — «Динамо». 1996 — «Динамо-Ойл». 1997-1998 — «Динамо». 1998 — ЦАГ-«Динамо»-МВД. 1999 — ЦАГ-«Динамо». 2000 — «Динамо». 2001 — «Эркин Фарм». 2002 — «Динамо-Эркин Фарм». 2002 — «Динамо». 2003 — «Динамо-Полет». 2012 — «Динамо» МВД.

Жетістіктері

Қырғызстан чемпионы: 1997, 1998, 1999 Қырғыз КСР кубогы: 1939, 1945, 1951, 1955.

Сілтемелер Статистикасы Құрамы

Санат:Қырғызстан футбол клубтары Санат:2012 жылы жабылған футбол клубтары