Деметрио Альбертини ( Demetrio Albertini; 23 тамыз 1971 ж., Брианадағы Бесана ) - итальяндық футболшы, жартылай қорғаушы, өзінің карьерасының басым бөлігін италиялық "Миланда" клубында. 12 жыл бойы Италия құрамасы сапында 79 матч өткізіп, 3 гол соқты, әлем чемпионаты (1994 ж.) және Еуропа чемпионатының (2000 ж.) күміс жүлдегері. Карьерасы 2005 жылдың желтоқсанында Альбертини кәсіби футбол карьерасын аяқтайтынын және болашақта бапкер болғысы келетіндігін мәлімдеді. "Милан" мен "Барселона" арасындағы жолдастық кездесуге бірнеше атақты футолшылар қатысты: Марко Ван Бастин, Рууд Гуллит, Франк Райкард, Франко Барези және басқалар. Матч 2006 жылы 15 наурызда Сан-Сиро стадионында өтті, Милан 4: 2 есебімен жеңіске жетті, Альбертинидің өзі допты айып алаңынан қақпаға дәл бұрып, бірінші голды соқты.

Альбертини Италия құрамасында 79 кездесу өткізіп, 3 гол соқты. Ұлттық құрамадағы дебюттік кездесуі 1991 жылғы 21 желтоқсанда Кипрге қарсы матчта өтті. 1994 және 1998 жылдары әлем чемпионатына, 1996 және 2000 жылдары Еуропа чемпионатына қатысты. Алты кездесуде Альбертини капитан ретінде ойнады.

Альбертинидің ұлттық құрамадағы соңғы ойыны 2002 жылы 27 наурызда Лидс қаласында Англияға қарсы өтті.

Статистикасы

Клубтық КлубМаусымЧемпионатКубокЕурокубокБасқа даБарлығыОйынГолОйынГолОйынГолОйынГолОйынГолМилан1988/891000 - - - -101989/901000 - - - -101990/910020 - - - -20Падова1990/91285 - - - - - -285Милан1991/9228350 - - - -3331992/932926071104331993/9426300131204141994/9530240110204721995/963003050 - -3801996/972982051103791997/9828092 - - - -3721998/9929230 - - - -3221999/002611050103312000/0112020112 - -2522001/022404080 - -360Атлетико2002/0328221 - - - -303Лацио2003/042324080 - -352Аталанта2004/0514121 - - - -162Барселона2004/0550 - -10 - -60Миланда барлығы293214126557040628Барлығы391314947457052140

Ұлттық құрамада Ұлттық құрама МаусымОйындарГол Италия 1991 жыл 1 0 1992 жыл 4 0 1993 жыл 6 0 1994 жыл 14 0 1995 жыл 8 2 1996 жыл 7 0 1997 жыл 9 0 1998 жыл 10 0 1999 жыл 6 0 2000 жыл 11 0 2001 жыл 2 0 2002 жыл 1 0 Барлығы 79 2

Жетістіктері

Ұлттық турнирлер

Италия чемпионы (5): 1992, 1993, 1994, 1996, 1999 (Милан) Италия Кубогының иегері: 2004 (Лацио) Италия Суперкубогының иегері (4): 1988, 1992, 1993, 1994 (Милан)

Испания чемпионы: 2005 (Барселона) Испания суперкубогы: 2005 (Барселона)

Халықаралық клубтық турнирлер

Еуропа Кубогының жеңімпазы (3): 1989, 1990, 1994 (Милан) Еуропа Суперкубогының иегері (3): 1989, 1990, 1994 (Милан) Құрлықаралық кубоктың жеңімпазы (2): 1989, 1990 (Милан)

Құрамадағы жетістіктері

1994 жылғы әлем чемпионатының финалисті 2000 жылғы Еуропа чемпионатының финалисті

Ескертпелер

Санат:Барселона ФК ойыншылары Санат:Аталанта ФК ойыншылары Санат:Лацио ФК ойыншылары Санат:Атлетико Мадрид ФК ойыншылары Санат:Милан ФК ойыншылары Санат:Италия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Италия футболшылары Санат:Уикипедия:Ортаққорға сілтенген мақалалар Санат:23 тамызда туғандар Санат:Падова ФК ойыншылары