«Ференцварош» () — Мажарстанның Будапешт қаласындағы футбол клубы. Мажарстандағы ең танымал, жүлделі клубтардың біріPartvonalon kívül . Мажарстанның 33 дүркін чемпионы, 24 рет Мажарстан кубогын ұтып алған.

Тарихы Клуб 1899 жылы құрылып, бір жылдан соң кәсіпқой статусын алды. 1903 жылы тұңғыш рет Мажарстан чемпионы атанды.

Өз алаңындағы ойындарын "Групама Арена" стадионында өткізеді.

Басты қарсыластары — МТК (Будапешт) футбол клубы. Бұл екі клубтың арасындағы кездесу "Мәңгілік дерби" деп аталады. Мажар ұлтынан шыққан жалғыз "Алтын доп" иегері Флориан Альберт осы клубта ойнаған.

Еурокубоктердегі ең ірі табысы — 1965 жылғы Жәрмеңкелер кубогы. Финалда "Ювентусты" 1:0 есебімен ұтып, жеңімпаз атанды. 1975 жылы Кубок иелері кубогының финалына шығып, "Динамо" (Киев) клубынан 0:3 есебімен ұтылып қалды.

Клубтағы 1-нөмір атақты қақпашы Дьюла Грошичке мәңгілік бекітілген. Ал 12-нөмір жанкүйерлердікі саналады, ол нөмір ешқандай футболшыға берілмейді.

Жүлделері

Ұлттық

Мажарстан чемпионаты Чемпион (35, рекорд): 1903, 1905, 1907, 1909, 1910, 1911, 1912, 1913, 1926, 1927, 1928, 1932, 1934, 1938, 1940, 1941, 1949, 1963, 1964, 1967, 1968, 1976, 1981, 1992, 1995, 1996, 2001, 2004, 2016, 2019, 2020, 2021, 2022, 2023, 2024 Мажарстан кубогы Жеңімпаз (24, рекорд): 1913, 1922, 1927, 1928, 1933, 1935, 1942, 1943, 1944, 1958, 1972, 1974, 1976, 1978, 1991, 1993, 1994, 1995, 2003, 2004, 2015, 2016, 2017, 2022 Мажарстан лига кубогы Жеңімпаз (2): 2013, 2015 Мажарстан суперкубогы Жеңімпаз (6): 1993, 1994, 1995, 2004, 2015, 2016

Халықаралық

Жәрмеңкелер кубогы Жеңімпаз: 1964/65 Финалист: 1967/68 Кубок иелері кубогы Финалист: 1975

Атақты ойыншылары Бәрі де мажарстандықтар

Ференц Вайс Имре Шлоссер Вильмош Кохут Йожеф Такач Геза Тольди Дьёрдь Шароши Лайош Кораньи Бела Шароши Ладислао Кубала Шандор Кочиш Ференц Деак Золтан Цибор Ласло Будаи Шандор Матраи Мате Феньвеши Флориан Альберт Золтан Варга Дежё Новак Габор Жибораш Ласло Балинт Тибор Нилаши Петер Липчеи Золтан Гера Сабольч Хусти

Дереккөздер

Сілтемелер Ресми сайт

Санат:Мажарстан футбол клубтары Санат:Ференцварош ФК