Жұмахан Балапанов (20.9.1920, қазіргі Алматы облысы Алакөл ауданы Қарасу а. – 2004, Алматы қ.) – агроном, экономика ғылымдарының докторы (1977), профессор (1979).

Алматы ауыл шаруашылығы институтын (1956, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық универститеті) және КОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясының аспирантурасын (1967) бітірген.

Партия, кеңес органдарында басшы қызметтер (1945–65) атқарған. Қазақ ауыл шаруашылығы экономикасын ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары (1967–1971), институт директоры (1971–1977), Алматы халық шаруашылығы институтында кафедра меңгерушісі (1977) болды.

1975 жылы «Экономические основы специализации сельского хозяйства Казахстана» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Оның ғылыми жұмысының негізгі бағыты – аграрлық-өнеркәсіп кешенінің шаруашылық тетігін ұйымдастыру, жоспарлау, басқару және жетілдіру мәселелері.

Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы ордендерімен және медальдармен марапатталған.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:20 қыркүйекте туғандар Санат:1920 жылы туғандар Санат:Алакөл ауданында туғандар Санат:2004 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:Қазақстан экономистері Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Экономика ғылымдарының докторлары Санат:Профессорлар Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:Халықтар Достығы орденінің иегерлері