Ларс Риккен (, 10 шілде 1976 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/131, Дортмунд, ГФР) — германиялық футболшы, жартылай қорғаушы. Карьерасы

Карьерасын 1993 жылы "Боруссияда" бастады. Бүкіл карьерасын осы "Боруссияда" өткізді. 1997 жылы УЕФА Чемпиондар лигасының финалында "Ювентуспен" ойында алаңға матч барысында шықты да, не бары 16 секундтан соң гол соқты. Бұл тарихтағы алаңға ойын ортасында қосылғандар арасындағы ең жылдам гол.

Ларс жарақаттарының кесірінен 1998 жылғы әлем біріншілігі мен 2000 жылғы Еуропа чемпионатына бара алмады. 2002 жылғы әлем бріншілігіне барғанымен бір кездесуде де алаңға шықпады, есесіне әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Бұдан кейінгі жылдарда жиі жарақаттанумен болды. 2007 жылы 19 мамырда карьерасындағы соңғы кездесуін өткізді. 2008 жылы ресми түрде карьерасын аяқтады.

2008 жылы "Боруссияның" бапкерлер алқасына қызметке тұрды.

2009-11 жылдары телеарналардың бірінде футбол сарапшысы болды.

Жетістіктері

«Боруссия» Дортмунд

Германия чемпионы: 1994/95, 1995/96, 2001/02 Германия чемпионатының қола жүлдегері: 1996/97, 2000/01, 2002/03 УЕФА Чемпиондар лигасы: 1996/97 Құрлықаралық кубок: 1997 УЕФА кубогының финалисі: 2001/02 Германия лига кубогы: 2003

Германия

Әлем чемпионатының финалисі: 2002

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі

Санат:Германия футболшылары Санат:Германия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Боруссия Дортмунд ФК ойыншылары