Мұрат Бақтиярұлы (1958 жылы 17 маусымда туған) — Қазақстан мемлекеттік қайраткері, Қызылорда облысынан сайланған Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты (2011 жылдан бері).

Өмірбаяны 1975-1977 жж. Әскери борышын Венгрия мемлекетінде атқарды.

1978-1979 жж. еңбек қызметін комбайнер, құрылысшы ретінде бастады.

1986 жж. Ұлттық Қазақ университетінің (Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті) тарих факультетін үздік бітіріп шықты.

1986-1998 жж. Қызылорда педагогикалық институты тарих кафедрасының аға оқытушысы, кафедра меңгерушісі, тарих және құқық факультетінің деканы қызметтерін атқарды.

Тарих ғылымдарының кандидаты, саяси ғылымдар докторы, профессор.

1998 жж. Қазақ Мемлекеттік Заң университеті, Қызылорда филиалының директоры.

1998-2003 жж. Қызылорда облысының облыстық маслихат депутаты болып сайланды және маслихаттың «Жастар проблемалары және құқығын қорғау» тұрақты коммиссиясының төрағасы болды.

2005-2008 жж. «Туған жер» қоғамының төрағасы.

2008-2011 жж. Қызылорда облысы әкімінің орынбасары.

2011 ж.-2023 жж. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.

2019 ж. 2 қырқүйектен бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы.

Марапаттары "Құрмет" ордені (2012) "Парасат" ордені (2019) Қызылорда облының құрметті азаматы (2021)СЫР ЕЛІ. Энциклопедия / Бас ред. Б.С. Каримова. 2-басылым. – Алматы: «Тау-Қайнар» ЖШС, 2023. ISBN 978-601-7059-54-5

Дереккөздер

Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері Санат:Қазақстан Парламенті Сенатының депутаттары Санат:Аманат партиясының мүшелері Санат:Парасат орденінің иегерлері Санат:Құрмет орденінің иегерлері