Гүлнар Малбағарқызы Меңдіқұлова «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том(7.4.1961 жылы туған, Алматы) – ғалым, тарих ғылымының докторы (1999). ҚазМУ-дың (ҚазҰУ) тарих факултетін (1983), аспирантурасын (1989) бітірген. Толығырақ 1983 – 1986 жылдары Алматы архитектуралық құрылыс институтында, ҚазМУ-да оқытушы, 1990 жылдан Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында жетекші ғылыми қызметкер, ғылыми ақпарат бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарып келеді. Ғылыми еңбектерінің негізгі бағыты – қазақ диаспорасы тарихының қазіргі заманғы мәселелері, этникалық саясат, Қазақстан мен Орта Азияның Қазан төңкерісіне дейінгі тарихын зерттеу. Гүлнар Малбағарқызы Меңдіқұлова Қазақстан мен шет елдерде жарық көрген 70-ке жуық ғылыми еңбектің авторы. АҚШ ун-ттерінде, Оксфорд университетінде, Стамбұл, Анкара университеттерінде, Польша мен Канаданың жоғары оқу орындарында лекциялар оқыған. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын табысты атқарғаны үшін бірнеше халықаралық сыйлыққа (1994 жылы – АҚШ, 1996 жылы – АҚШ, Польша, 1999 жылы – Ұлыбритания) ие болды. Шығармалары Шығармалары: Исторические судьбы казахской диаспоры. Происхождение и развитие, А., 1997; Некоторые неопубликованные источники по истории казахской диаспоры, извлеченные из британских архивов // Отан тарихы, 1998, ғ1. Сілтемелер Баспахана Газет Ақпарат Ғылым Қазақстан Дереккөздер
Санат:Қазақ ғалымдары Санат:1961 жылы туғандар