Bek Air ұшақ апаты (2019) - 2019 жылғы 27 желтоқсан күні Bek Air әуе компаниясының Алматы-Астана бағыты бойынша Z9 2100 нөмірлі рейсін орындайтын Fokker-100 ұшағы Алматы қаласы маңындағы Қызылту елді-мекеніне апатқа ұшырады.https://kursiv.kz/news/proisshestviya/2019-12/kazakstanda-bek-air-ushagy-apatka-ushyrady Соңғы деректерге сәйкес ұшақ бортында 93 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болған.https://tengrinews.kz/events/padenie-samoleta-bek-air-onlayn-translyatsiya-387533/ Қазіргі уақытқа 12 жолаушы қайтыс болғандығы белгілі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы маңында ұшақ апатынан адамдардың қаза болуына байланысты 2019 жылдың 28 желтоқсанын жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялайтындығы мәлімденді. Президент пресс хатшысының ресми Facebook аккаунты
Ұшақ Fokker 100 маркалы ұшағы 1996 жылы құрастырылған. 2013 жылдан бері Bek Air компаниясының флотилиясында UP-F1007 нөмерімен тіркелген.https://www.flightradar24.com/blog/bek-air-flight-z92100-crashes-shortly-after-take-off-from-almaty/Fokker 70/100 - MSN 11496 - UP-F1007 ұшағы қолданылған әуе компаниялар тізмі
right|250px|Апатқа ұшыраған ұшақтың бұрынғы әуе компанияның иелігінде болған кездегі Хитроу әуежайынан ұшып бара жатқан сәті, 2011 жыл
Жолаушылары + Азаматтығы Жолаушылар Экипаж Барлығы 89 5 94 1 0 0 1 0 0 2 0 0 Барлығы 93 5 98 Апат себептері Апаттың себебі ретінде бірнеше нұсқа ұсынылды. ҚР Ішкі істер министрінің мәлімдеуінше Bek Air әуе компаниясына тиесілі Fokker-100 ұшақ апатының болуы мүмкіндігі ретінде экипаждың қателігі, ұшақтың техникалық ақауы немесе навигация қызметінің қателігі.Ішкі істер министрі Bek Air ұшағы апатының үш нұсқасын атады Өз кезегінде Bek Air компаниясының басшылығы апат себебі ретінде Z92100 рейс ұшағынан бір минут бұрын әуеге көтерілген ұшақ қалдырған әуе ізі деп мәлімдеді.Ұшақ апаты: Bek Air компаниясы өз нұсқасын айтты Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Final accident report - AIID Kazakhstan (Russian) Апат орны мен ұшақ қалдықтарының видеосы
Санат:2019 жылдағы Қазақстан Санат:27 желтоқсан оқиғалары Санат:2019 жылғы желтоқсан Санат:Алматы облысындағы авиация оқиғалары Санат:Fokker 100-бен болған авиация оқиғалары Санат:Қазақстандағы әуе апаттары