Қаязды – Сырдарияның оң жағалық жайылмасында жатқан көл. Сырдария ауданы жерінде, Жалағаш кентінен солтүстікке қарай 22 км жерде, Сырдарияның тармағы – Қараөзектің аңғары бойында теңіз деңгейінен 50,3 м жоғарыда жатыр. Аумағы 2,3 км2, ұзындығы 2,9 км, ені 1,3 км, ең терең жері 5,0 м, суының көлемі 12,4 млн. м3. Көлде қамыс, қоға көп өскен, әсіресе оңтүстігінде ну тоғай. Жаз айларында су деңгейі түскен кезде көлдің шығысы мен батысы екіге бөлініп қалады. Дереккөздер Қазақ энциклопедиясы
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Қаязды · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.