Фабиу Алешандри да Силва Коэнтрау (; 11 наурыз 1988 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/33648, Вила-ду-Конди, Португалия) — португалиялық футболшы, жартылай қорғаушы.
Мансабы Клубтық "Риу Ави" клубының түлегі. 2005 жылы кәсіпқой карьерасын осы клубта бастап, 2007 жылы жазда "Бенфикаға" ауысты. Бірақ 2008 жылы қаңтарда "Насьоналға" жалға берілді.
2008 жылы жазда "Бенфикаға" оралып, қайтадан "Реал Сарагосаға" жалға кетті. 2009 жылғы қаңтар мен маусым айларында туған клубы "Риу Авиде" арендада жүрді.
2011 жылы жазда "Реал Мадридке" ауысты. Сол жылы тамызда Испания суперкубогындағы Эль Класикоға қатысып, "Барселонамен" ойында тұңғыш рет "Реал" сапында алаңға шықты.
2013 жылға дейін негізгі құрамда тұрақты ойнаған Коэнтрау клубқа Карло Анчелотти бапкер боп келген соң алаңға сирек шығатын болды. Клубтан кету мәселесі де көтерілді, бірақ ешқайда кетпеді, онысы дұрыс болыпты, 2013/14 жылғы маусым қорытындысында "Реал" Испания кубогы мен көптен күткен УЕФА чемпиондар лигасында топ жарды.
2015/16 жылғы маусымды "Монакода" арендада өткізді.
2017/18 жылғы маусымда "Спортингте" арендада ойнады.
2018 жылы туған клубы "Риу Авиге" оралды.
Ұлттық құрама Португалияның бірнеше жастағы құрамаларында ойнаған.
2009 жылы қараша айында Босния және Герцеговинаға қарсы ӘЧ-2010 іріктеуінде тұңғыш рет ұлттық құрама сапында ойнады.
2010 жылғы әлем чемпионатында 4 кездесуде алаңға шықты.
2012 жылғы Еуропа чемпионатында бес кездесуде алаңға шықты.
2014 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі бірінші турда Германиямен ойында жарақат алып, қалған ойындарға қатыса алмады.
2016 жылғы Еуропа чемпионатына жарақатының кесірінен бара алмады.
2017 жылы Құрама сапындағы соңғы ойынын өткізді.
Жетістіктері «Бенфика»
Португалия чемпионы: 2009/10 Португалия лига кубогы: 2009/10, 2010/11
«Реал Мадрид»
Испания чемпионы: 2011/12 Испания кубогы: 2013/2014 Испания суперкубогы: 2012 Чемпиондар лигасы: 2013/2014 УЕФА суперкубогы: 2014 Клубтар әлем чемпионаты: 2014
Португалия
Еуропа чемпионатының қола жүлдегері: 2012
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі
Санат:Португалия футболшылары Санат:Португалия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Бенфика ФК ойыншылары Санат:Риу Аве ФК ойыншылары Санат:Реал Сарагоса ФК ойыншылары Санат:Насьонал Фуншал ФК ойыншылары Санат:Реал Мадрид ФК ойыншылары Санат:Монако ФК ойыншылары Санат:Спортинг Лиссабон ФК ойыншылары