thumb|right|300px|Реже Шереш: Мұңлы жексенбінің авторы "Мұңлы жексенбі" (, Мажарша: Szomorú vasárnap), кейде "Венгерлердің суицид музыкасы" деп те, "Қараңғы жексенбі" деп те аталады, - Мажар пианисті және композиторы Ре́жё Шереш ( Rezső Seress) 1933 жазған популяр ән.

Ре́жё Шерештің бұл әйгілі әні ғашығынан айырылған жанның аса ауыр күйзелісті күйінде жазылған. Музыкадағы ауыр мұңлы үн кейін талай өзін өлтірушілерге себепкер болған делінеді. Тіпті бір мезгіл BBC бұл әнді өз радиосында қоюдан бас тартып, шектеген болатын.http://en.wikipedia.org/wiki/List_of_songs_banned_by_the_BBC#G Дегенмен осы ән себебінен өлушілер туралы нақты дерек жоқ. Сондықтан мұны жай дақпырт дейтіндер де көп.

Әннің алғашқы нұсқасы "Аяқталған әлем" (The world is ending) деп аталып, оның мәтінінде соғыс тудырған қасіретті айыптаған болатын.https://www.youtube.com/watch?v=9dZj7YW5oFQ Көп өтпей ақын Лазло Яавор (László Jávor) осы мұзыкаға арнап өлең сөз жазады. Өлеңде жарынан айырылған ғашықтың мұңдана күңіреніп, өз-өзіне қол салуды қалайтыны айтылады. Ән 1935 жылы Венгерияда "Мұңлы жексенбі" деген атпен таспаға жазылып жарияланады. Осы кейінгі нұсқадағы өлең сөзге жазылған ән әлемге кең тарайды да, алғашқы нұсқасы негізінен ұмытылады.

Әнді 1936 жылы Sam M. Lewis пен Desmond Carter деген кісілер ағылшын тіліне аударып жариялайды. Осы нұсқасында "Суицид" сөзі қолданылған, тақырыпты да "Венгерлердің суицид музыкасы" деп аталған. Сол кезден бастап "осы әнді естіп талай адам суицид жасапты" деген өсек батыс қоғамына кең таралады.

1941 жылы АҚШ әншісі Билли Холидей (Billie Holiday) осы әнді айтады.https://www.youtube.com/watch?v=zBIqLqUenz0&list=RDzBIqLqUenz0&start_radio=1&t=3

Жазылуы және арытқы көрінісі C-minor мелодиясы бойынша жазылған бұл әннің дыбысын Реже Шереш Парижде тұрғанда жазған.There Are Places I Remember: "Gloomy Sunday". Accessed 7 November 2011 Ол кезде батыста "Ұлы депрессия" болып, Шерештің өз Венгер ұлытынан да фашистер бой көрсетіп жатқан болатын. Бірақ әннің мәні мен мазмұны әлеуметтік жағдайға емес, Шерештің жеке мұң-қайғысына тікелей қатысты болатын. Әннің алғашқы сөзінде адамзаттың әділетсіздігі айыпталған, Құдай осы дүниені жамандыққа үйір адамдардан құтқарса деп үміттенген болатын.

1933 жылы Лазло Ябор (László Jávor) махаббатынан айырылып, ауыр көңілсіздікті бастан кешіреді. Екі аптадан кейінгі бір күні терезе алдында отырғанда, кенет "Не деген мұңлы жексенбі еді!" деген ритм ойына келе қалады. Жарты сағатта ол өлеңді жазып аяқтайды. Демек бұл ұзақ жасырын саналық торығудан күндердің бірі бұрқ ете қалған жоғары шабыттың туындысы екені анық. Өлеңді кейбіреулер Шереш музыкасынан бұрын жазылды десе, кейі кейін жазылды деп есептейді. Оның өлең сөзінде саяси сөйлемдер жоқ, қайта өз ғашығын аңсап зарлауы және о дүниеде ғашығына жолықпақ болуы айтылады. Осы нұсқа ең танымал болды, кейінгі өңдеулер осы "жоғалған махаббат" туралы болды.

Шереш алғашында әнді жариялайтын баспа таба алмай көп қиналыпты. Әннің қою мұңы көбін тіксіндірсе керек. Бір баспагер осы ән туралы былай деген екен:

Ақыры 1933 жылдың соңында ән жарияланады.Theresa's Haunted History of the Tri-State: Combining the Fact with the Folklore, "The Hungarian Suiceide Song". Accessed 7 November 2011

Ән сөзінің қазақшасы 《Vége a Világnak》 Rezső Seress нұқсасының қазақшасыКүз келді де, жапырақтар төгілді Бар махаббат жер шарында құрыды Қайғы жасын жел де жылап төгеді Жаңа көктемнен күдер үзді жүрегім Көз жасым да, қасіретім де бос әуре Жүрексіз адамдар, ашкөз бәрі сұрқия...

Өлді осылай махаббат!

Дүние соңына жетті, үміттің мәні жойылды Қалалар қиратылуда, оқ дауысы ысқырады Шалғындар адам қанынан қызылға боялды Әр жерде өліктер шашылып жатыр Тағы да құлшылығымды жалғастырайын Адамдар – күнәһарлар, о Құдайым, олар қателесуде....

Әлем ақырласты!

《Szomorú Vasárnap》 László Jávor нұсқасының ағылшыншасыhttp://www.phespirit.info/gloomysunday/lyrics_javor.htm Мұңлы жексенбі сансыз ақ гүлге оранды Сені мінәжатпен күтудемін, сүйіктім Жексенбі таңы, түсімнің артынан қуды Сенсіз менің қасіретім өзімді тапты Өйткені жексенбі ылғи қасіретке толы Көз жасымды жұтып, қасіретімді жедім

Мұңлы жексенбі

Осы соңғы жексенбіде, сен маған кел, аяулым Мұнда жаназашы, табыт, қаралы күйме, және кебін болады Мұнда саған гүлдер де қойылады, гүлдер мен табыт Көктеген терек түбінде бұл менің соңғы сапарым Көздерім ашық болады, сені соңғы рет көре аламын Көздерімнен қорқа көрме, өлімімде де саған құт тілеймін...

Соңғы жексенбі

《Gloomy Sunday》 Sam M. Lewis нұсақсыныңhttp://www.phespirit.info/gloomysunday/lyrics_lewis.htm аудармасыЖексенбі мұңлы, күндерім ұйқысыз Сүйіктім, өмірімді сансыз көлеңке жайлады Кішкентай ақ гүлдер енді сені оята алмас Қайғының қаралы күймесі сені алып кетті Періштелердің сені қайтарар ниеті жоқ Сендерге барып қосылсам, періште ашулана ма? Мұңлы жексенбі Мұңлы жексенбі, өмірім көлеңкеде өтті Жүрегім мен өзім бәрін ақырластырғысы келеді Сосын осында мұңлы шырақтар мен мінәжаттар болады Жас төкпесінші солар Менің қуанышпен аттанғанымды білсін Ажал түс емес Өйткені ажал ішінде мен сені құшамын Жанымның соңғы демімен бірге сені құттықтаймын Мұңлы жексенбі Түс, мен тек түс көріп жатырмын Мен ояныппын, сен жүрегімде терең ұйқыда екенсің, аяулым! Сүйіктім, түсім сені еш мазаламаса екен деймін Жүрегім саған сені қаншама сағынғанымды айтады Мұңлы жекенбі

《Trauriger Sonntag》 Неміс киносы "Ein Lied von Liebe und Tod" -тің тақырыптық әннің мәтініМұңлы жексенбі, сенің түнің енді алыс емес Енді мен қара көлеңкемен жалғыздығымды бөлісемін Көзімді жұмсам, оларды жүз мәрте көремін Ұйқым келмейді, ал олар оянбайды Тұмандар арасында сандалғандарды көремін Мені мұнда қалдырма, періштеге келетінімді айт Мұңлы жексенбі Талай құлазыған жексенбілер өтті Бүгінгі ұзақ түнде мен сапар шегемін Шамдар жанып, түтіндеп, көздерің жасаурайды Досым, жыламашы, мен ақыры жеңілдедім Соңғы демім отбасыма оралтты Мен енді көлеңкелер әлемінде тыныштық табамын Мұңлы жексенбі Қала өсегі "Венада жасөспірім қыз парақтағы Мұңлы жексенбі музыкасын қолына ұстап тұрып суға батып кетіпті."

"Будапештте өзін-өзі өлтірген дүкен сатушысы Мұңлы жексенбі әнніңің мәтінінен дәйексөз қалдырыпты."

"Лондонда бір әйел Мұңлы жексенбі әнінің жазбасын қайта-қайта тыңдап жатып, шегімдіктен өліпті."

"Мұңлы жексенбі" әні туралы осы секілді талай көше өсегі бар, көбі түрлі суицидтер туралы, радиолардың бұл әнді шектегені туралы айтылады. Бірақ, көбі расталмаған.

Баспасөз 1930-шы жылдары Венгерияда және АҚШтағы кем дегенде Мұңлы жексенбімен қатысты делінген 19 суицидті хабарлаған болатын. Бірақ олардың бұл әнге қатысы анықталмады. Осы ән шыққан соң ондаған жылдар бойғы Венгериядағы және әлемдегі суицидтердің көбі аштық пен кедейліктен, соғыс пен басқа да себептерден болғаны анық.

1968 жылы, "Мұңлы жексенбі" жазылғанына 35 жыл өткен соң авторы өзін өлтірді.Microfilm scan of article over Seress's suicide. New York Times, January 14, 1968, page 84 in Obituaries. Ол терезеден секіреді, бірақ аман қалады, кейін емханаға жеткізілгенде, сондағы тоқ сымымен өзін қылқындырып өлтірген.}}

Бірде Шереш өзінің сұмдық шедевріне деген қайшылықты эмоциясы туралы былай деп жазады:

Дәріптелуі thumb|right|200px|Шиндлер тізімі Мұңлы жексенбі біршама кионларда көрініс тапқан. Әйгілі Шиндлердің тізімі киносында бұл әннің мұзыкасы қойылады. thumb|right|200px|Ковак қапшығы 2006 жылы "Ковал қапшығы" киносында бір жазушы аралда қамалып қалады. Аралдағы адамдарға микрочип орнатылған екен, олар "Мұңлы жексенбіні" естіген соң өздеріне қол салады. Variety Film Reviews: The Kovac Box. Accessed 9 November 2011

1999 жылы неміс режиссері Рольф Шюбель (нем. Rolf Schübel) "Махабат және өлім әні" (нем. Ein Lied von Liebe und Tod) деген кино түсіріп, сюжеті Шерештің әніне реконструкция жасайды. Өлеңі жоғарыда аударылды.

Бұл ән "Өз-өзіне қол салу: махаббат тарихы" киносында да шырқалады.

2008 жылы Белгия өнерпазы Marieke Van Wuytswinkel "Мұңлы жексенбіні" өз шығармасында қолданды.

Сыртқы сілтемелер Мұңлы жексенінің түпнұсқасы Rezso Seress - Gloomy Sunday (with lyrics) Sebő Miklós - Мұңлы жексенбінің венгерше нұсқасы Мұңлы жексенбінің негізгі бір нұсқасы Billie Holiday шырқаған Мұңлы жексенбі Пианиномен орындалған Мұңлы жексенбі Жаңа нұсқасы, музыка Кинодағы Мұңлы жексенбі - венгерше, маңызды нұсқасы Мұңлы жексенбі, маңызды нұсқасы Пианинодағы нота нұсқасы

Дереккөздер

Санат:Ән Санат:Мажарстан Санат:Музыка