Йозеф Бицан (чех. Josef Bican; 25 қыркүйек 1913 жыл, Вена, Аустрия-Мажарстан — 12 желтоқсан 2001 жыл, Прага, Чехия) — аустриялық және чехословакиялық футболшы, шабуылшы. Футбол тарихында ең көп гол соққан тұлға (805 гол). Аустрия құрамасы сапында 1934 жылғы әлем чемпионатына қатысып, бір гол соқты.

Карьерасы 1933-1936 жылдары Аустрия ( 9 ойын, 14 гол), 1938-1949 жылдары Чехословакия (14 ойын, 12 гол), 1939 жылы Богемия және Моравия протекторат (Германияның оккупациялаған жері) сапында 1 кездесу (3 гол) өткізген.

1939-1944 жылдар аралығында "Славия" сапында Еуропаның үздік шабуылшысы атанған. Алайда кей сарапшылар ол кезеңде соғыстың болуы, кәсіпқой футболшылардың аздығы және де басқа факторларды алға тартып, мықтылығын мойындамайды.

1913 жылы дүниеге келген Йозеф Биценның балалық шағы қиын шаққа тұспа-тұс келіп, футболды жалаң аяқ ойнаған. Жалаң аяқ ойнағанның арқасында оның аяқтары жақсы дамып, шеберлігін көтерген-мыс. Оны үлгі еткен ізбасарлары жалаң аяқ ойнап, қақпаға дәл соққы жасап, жеңіл атлетикамен (100 метрге 10,8 секунд жүгірген) айналысты.

Жетістіктері

Командалық

Әлем чемпионатының финалисі: 1934 Аустрия чемпионы (3): 1935, 1936, 1937 Чехословакич чемпионы (2): 1947, 1948 (күз) Чехия чемпионы (4): 1940,1941, 1942, 1943 Чехия кубогы (2): 1941, 1942 Бостандық кубогы (1): 1945

Жеке

Аустрия чемпионатының үздік мергені (1): 1933/34 (28) Чехословакия чемпионатының тарихындағы үздік мерген: 447 гол "Славия ФК" тарихындағы үздік мерген: 554

Дереккөздер

Сілтемелер Статистикасы

Санат:Аустрия футболшылары Санат:Аустрия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Чехословакия футболшылары Санат:Чехословакия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Рапид Вена ФК ойыншылары Санат:Славия Прага ФК ойыншылары Санат:Славия Прага ФК жаттықтырушылары Санат:Чехословакия футбол жаттықтырушылары Санат:Чехия футбол жаттықтырушылары