Маралтай Райымбекұлы Ыбыраев (29.04.1969 ж.т., Сарысу ауданы, Игілік ауылы) – ақын.
2002 жылдан «Қазақ әдебиеті» газетінде «Жас қалам» қосымшасының редакторы. Қазақстан Жазушылар одағының кеңесшісі.
Өлеңдері 1987 жылдан бастап республика басылымдарда жарияланып келеді. Тұңғыш кітабы «Ай-нұр» (1996) мен екінші жинағы «Ай» (2000), «Жазушы» баспасынан шықты. «Қарлығаш», «Қос ішек», «Толқыннан толқын туады», «2000 жылдық Дала жыры», «Жас ақындар антологиясы» сияқты ұжымдық жинақтарға өлеңдері енген. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.
Қазақстан Жастар одағы (1981) және мемл. «Дарын» жастар сыйлығының (2000) лауреаты. 1997 – 1999 жылдарғы ҚР Президенті стипендиясының иегері.
Республика бірнеше жыр мүшәйраларының бас жүлдегері.Тараз Энциклопедиясы.
Дереккөздер
Санат:29 сәуірде туғандар Санат:1969 жылы туғандар Санат:Сарысу ауданында туғандар Санат:Қазақстан ақындары Санат:Қазақ әдебиеті газеті қызметкерлері Санат:Қазақстан жазушылар одағы мүшелері Санат:Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегерлері Санат:Дарын мемлекеттік сыйлығының иегерлері