Ажар Хакімкызы Ыбыраева (1928, Солтүстік Қазақстан облысы, Сергеев ауданы – 1999) — Алматы шет тілдері институтының ректоры (1962–1967).
Еңбек жолы Шымкент облысы, Сарыағаш ауылында орта мектепті бітірген соң, 1949 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтына оқуға түсіп, тарих факультетін үздік аяқтады. Сол жылы коммунистік партия мүшелігіне өтеді. 1949 жылдан 1950 жылға дейін осы институттың марксизм-ленинизм кафедрасында ұстаздық етті. 1959 жылы өзі оқыған Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтына ректор болып қызметке тағайындалды. 1962–1967 жылдары Шет тілдер институтында ректор болып қызмет істеді.http://www.wikiwand.com/ru/Казахский_университет_международных_отношений_и_мировых_языков_имени_Абылай_хана 1967–1975 жылдары ҚазССР Жоғары және арнаулы орта білім министрлігінде жоғары оқу орындарын басқару бөлімінде коллегия мүшесі болды.17 Қазақ қыздарының парасат мектебі: Фотоальбом. – Алматы: Өнер, 2004 – 160 бет ISBN 9965-595-76-3
Марапаттары 30-дан аса ғылыми еңбектері және ғылыми-методикалық жұмыстары жарияланды.
Ажар Хакімқызы Ыбыраева “Даңқ белгісі” орденімен, “Қажырлы еңбегі үшін” медалімен, ҚазССР Жоғары Советінің мақтау қағазымен, Бүкілодақтық Ленин комсомолы Жастар Одағы сыйлығымен марапатталды.
Ажар Хакімқызы екі рет ҚазССР Жоғарғы Советінің депутаттығына сайланды.
Дереккөздер
Әдебиет http://www.ablaikhan.kz