Шақалақ — нәресте, сәбиҚазақ тілінің түсіндірме сөздігі/ Жалпы редакциясын басқарған Т.Жанұзақов. – Алматы: Дайк-Пресс, 2008.-968 б..
– О, қаным, мен сені шақалақ күніңнен білемін (Т.Бердияров, Солдат)
Бала, сәби, нәресте, бүлдіршін, балдырған, шақалақ сөздері синоним болғанымен, жас ерекшеліктеріне байланысты айырмашылықтары бар.
1 жасқа дейін – шақалақ, нәресте; 1 жастан 2 жасқа дейін – балдырған, балауса, бүлдіршін; 1 жастан 10 жасқа дейін – сәби т.б. Әсел Асанова. Адамның жас атаулары/https://massaget.kz/mangilik_el/shanyirak/salt-dastur/35741
Қазақ тілінде бала-шаға сөзі бар. Мұндағы шаға көне түрік тілінде бала мағынасын білдіреді де, шақалақ сөзі де шағамен этимологиясы бір болып саналадыЖәлел Шалқар. Бала – түсінікте, шаға – кім?/http://ortalyq.kz/bala-t-sinikti-sha-a-kim/.
Жаңа туылған, қырқынан шықпаған нәрестені – шақа, шақалақ деп атайды. Нәрестенің алғашқы күнінде шашы алынбаған, қызарып құс еті қатаймаған кезіндегі болмысына қарай қызыл шақа, шүйкедей шақа деп атайтын жағдайлар кездеседі.Айгүл Әмірбекова. «Атұстар» мен «көйлектігер» /http://anatili.kazgazeta.kz/?p=27534
Дереккөздер