Сарыоба — Есіл алабындағы ағынсыз көл.
Географиялық орны Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы жерінде.
Аумағы Ауданы 28,8 км2. Ұзындығы 10,8 км, ең енді жері 4 км, жағалауының жалпы ұзындығы 30,8 км. Орташа тереңдігі 1,3 м.
Жер бедері Көл жағасы жайпақ, табаны лайлы-құмды. Оңтүстік бөлігінде қамыс, солтүстігінің жағалық өңірінде құрақ өседі. Суы тұщы. Шаруашылық қажетіне пайдаланылады.
Санат:Ұзынкөл ауданы көлдері Санат:Есіл су алабы