Қасқабас тауы – Іле Алатауының солтүстік беткейінде орналасқан тау.
Орналасқан жері Қарғалы және Өткелді өзендері аңғарларының суайрығы болып табылатын Қарғалы сілемінің орта бөлігінде орналасқан.
Сипаты Қасқабас тауының жалаңаш шыңы – Қарғалы сілемінің осы маңдағы биіктігі орташа бөлігінде ерекшеленіп көзге түседі. Биікітігі - 2800 м. Беткейлері өзен аңғарларына 600-700 м-лік тік құлама жарлауыт жасап түседі. Әсіресе солтүстік беткейі биік құз тәріздес. Тау төңірегі қысы жұмсақ, жазы қоңыржай жылы орманды-шалғынды өңір. Төменгі бөлігінде аралас орман, одан жоғары жағында қылқан жапырақты ағаштар басым өседі, ең жоғары беткейлері шүйгін шалғанды келеді.Алматы. Энциклопедиялық анықтама. Бас редакторы М.Қ. Қозыбаев. Алматы қ. 1983 ж.
ХХ ғасырдың ортасының ежелгі көздерінде ол "Көкшақ" деп аталды. 1911 жылы шығыс беткейінде апатты жер сілкіну салдарынан құлап, ол бүгінгі күні "тас гүлі" деп аталады және батыс беткейлері Қарғалы шатқалына бағытталған.
Дереккөздер
Санат:Алматы облысы таулары Санат:Іле Алатауы