Құрамысов Сұлтанбек — 1924 жылы Ордабасы ауданы, Төрткөл ауылында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысына қатысып, бір қолынан жарақат алған. Алматы госпиталінде қолына ампутация жасалып, 2-топтағы мүгедектік берілуіне байланысты әскери қызметтен босатылып, соғысқа жіберілмеді. Кейін Ордабасы ауданының Төрткөл ауылында, Шаян және Бөген совхоздарында бухгалтер-экономист қызметін атқарды. 1951 жылы жұбайы Бауенова Сара Жандарбекқызымен отбасын құрған. Ұлдары - Құрамысов Пернехан 1963 ж. туған, Құрамысов Әбдіманап 1971 ж. туған. Қыздары - Құрамысова Салима 1952 ж. туған, Құрамысова Жамила 1955 ж. туған, Құрамысова Гүлнар 1958 ж. туған, Құрамысова Ұлжалғас 1960 ж. туған, Құрамысова Халида 1965 ж. туған.

Жойқын майданда өзінің білгірлігімен әрі жауынгерлік тапқырлығымен көзге түскен ол "Қызыл Жұлдыз" орденімен, "Гвардия" төсбелгісімен және басқа да ерліктері үшін берілген медальдармен марапатталған.

1978 жылы 7 тамызда Төрткөл ауылында дүниеден өтті.