Луна-2 — Ай бетіне жеткен адамзаттың алғашқы ғарыш кемесі.
Бастапқыда оны екінші ғарыш зымыраны деп атаған, кейде Лунник-2 деген атау да кездескен. Құрылысы мен бортындағы құрылғылары Луна-1 аппаратындағыдай болды: магнитометр, Гейгер санауышы, сцинтилляциялық санауыш, микрометеориттер анықтағышы.
Хронологиясы Луна-1 Айдан едәуір қашықтықта өтіп, ғарышқа ұшқаннан соң, ОКБ-1 ол типтес аппаратты қайтадан ұшыруға тырысты.
1959 жылдың 18 маусымында ұшырылған зымыран-тасығыштың басқару жүйесінде ақау пайда болып, ол тез апатқа ұласты.
1959 жылдың 12 қыркүйегінде сағат 09:39:42 (UTC+3) старт сәтті өтті.
1959 жылдың 14 қыркүйегінде сағат 00:02:24 (UTC+3) Луна-2 Ай бетіне 3,3 шақырым/секунд жылдамдықпен ұшып соғылды. Құлаған жері — Жаңбырлар теңізіндегі Аристилл, Архимед, Автолик кратерлері маңы.55 лет успешным полетам к Луне космических аппаратов «Луна-2», «Луна-3» нобай|200px|Мұражайдағы вымпелдің көшірмесі Мұра Бортында болған және Айға жеткізілген, КСРО елтаңбасы салынған екі вымпелдің көшірмесі америкалық Абилин қаласының мұражайында сақтаулы тұр. Оны Хрущев президент Дуайт Эйзенхауэрге 1959 жылдың 15 қыркүйегінде сыйлаған. Жаңбырлар теңізінің бір бөлігіне Лунник шығанағы деген ат берілді.
Дереккөздер
Сілтемелер
Санат:Ғарыш станциялары Санат:Ғарыш техникасы