Алфонсо Дейвис (; 2 қараша 2000https://www.soccerbase.com/players/player.sd?player_id=91684, Будубурам, Гана) — канадалық футболшы, Канада Ұлттық футбол құрамасы мен "Бавария" клубының жартылай қорғаушысы.

Мансабы Клубтық Алфонсо Ганада дүниеге келген. Бес жасында Канадаға көшіп барды. 2016-18 жылдары Ванкувердің "Уайткепс" клубында өнер көрсетті.

2019 жылы "Баварияға" ауысты. УЕФА Чемпиондар лигасында жеңімпаз атанған тұңғыш канадалық футболшы боп тарихқа тіркелді. Сондай-ақ 2019/20 жылғы маусымда Чемпиондар лигасындағы ең жылдам (сағатына 35 км жүгіре алады) футболшы атанды.

Ұлттық құрама 2017, 2019 жылдары КОНКАКАФ Алтын кубогына қатысты.

Жетістіктері

Командалық «Бавария»

Германия чемпионы (2): 2018/19, 2019/20 Германия кубогы: 2018/19, 2019/20 УЕФА Чемпиондар Лигасы: 2019/20 УЕФА суперкубогы: 2020

Жеке

Бундеслиганың үздік жас ойыншысы: 2019/20

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі

Санат:Канада футболшылары Санат:Канада Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Ванкувер Уайткэпс ФК ойыншылары Санат:Бавария ФК ойыншылары