Сейду Кейта (; 16 қаңтар 1980https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/5486, Бамако, Мали) — малилік футболшы, жартылай қорғаушы. Соққан голдары мен өткізген матчтары бойынша Мали Ұлттық футбол құрамасының рекордшысы саналады (95 ойын, 25 гол). Жеті бірдей Африка Ұлттары кубогына қатысқан (2002, 2004, 2008, 2010, 2011, 2013, 2015). Африка Ұлттары кубогының төрт дүркін жартылай финалисі. 2011 жылы Малиде "Жыл спортшысы" атанды.

"Барселона" сапында ойнаған тұңғыш малилік футболшы. 2008 жылы Хосеп Гвардиола "Барселонаның" тізгінін ұстағанда "Барселонаға" келді де, 2012 жылы Гвардиола кеткен соң-ақ артынша Кейта да клубтан кетті.

Жетістіктері

«Лорьян»

Франция кубогы: 2001/02

«Севилья»

Испания суперкубогы: 2007

«Барселона»

Испания чемпионы (3): 2008/09, 2009/10, 2010/11 Испания кубогы (2): 2008/09, 2011/12 Чемпиондар лигасы (2): 2008/09, 2010/11 Испания суперкубогы (3): 2009, 2010, 2011 УЕФА суперкубогы (2): 2009, 2011 Клубтар әлем чемпионаты (2): 2009, 2011

Мали

Жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері: 1999 Африка Ұлттары кубогының қола жүлдегері (2): 2012, 2013

Жеке жетістіктері

Жастар арасындағы әлем чемпионатының "Алтын доп" иегері: 1999 Малидегі жыл спортшысы: 2011

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі Санат:Мали футболшылары Санат:Мали Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Олимпик Марсель ФК ойыншылары Санат:Лорьян ФК ойыншылары Санат:Ланс ФК ойыншылары Санат:Севилья ФК ойыншылары Санат:Барселона ФК ойыншылары Санат:Валенсия ФК ойыншылары Санат:Рома ФК ойыншылары Санат:Әл-Жаиш ФК ойыншылары