Джексон Роберт Скотт (; 18 қыркүйек 2008, Финикс, Аризона) — америкалық актёр. «Ол» және «Ол: Екінші Тарау» фильмдеріндегі Джорджи Денбро және «Локк және Кілт» сериалындағы Боди Локк рөлімен танымал.

Ерте өмірі Скотт Аризона штатының Финикс қаласында туып-өскен. Ол өзінің мектебінің «Mandarin Immersion Program» (Мандарин Диалегіне Бату) бағдарламасына қатысады, осы бағдарламамен ол Мандариндік Қытай тілінде сөйлеуді үйренді. Ол сондай-ақ бойскаут.

Ол CGTV актерлік бағдарламасының мүшесі болды, онда көптеген актерлік техникаларын үйренді. CGTV бағдарламасында ол Nickelodeon мен Disney актерлерімен жұмыс істеді, сондай-ақ CGTV-дің негізін қалаушы Адриан Р'Мантемен. Оның сүйікті сабағы Импровизациялық Шеберханасы болды.

CGTV-де жұмыс істеп болғаннан бірнеше уақыттан кейін, оны жетекші агенттік байқады және ол өзінің мансабын тыңдалымдардан және жетекші телешоуларға жазылымдардан бастады.

Мансабы Скотт өзінің алғашқы рөлін 2015 жылы Қылмыстық ойлар америкалық сериалында алды. Скотт сериалдың 11-маусымының "Қылмыскер" атты 4-эпизодында Коул Васкесті ойнады. Эпизод эфирге 21 қазан 2015 жылы шықты. Ол сондай-ақ Жүретін өліктерден сақтан сериалының "TEOTWAWKI" эпизодында қосымша кейіпкерді - Трой Оттоны ойнады.

2016 жылы Скотт Ол фильмінің түсіріліміне қатысты, бұл фильмде Скотт Джорджи Денброны ойнады. Бұл фильм Стивен Кингтің Ол романына негізделген. Джорджи бұл фильмнің басында билейтін клоун Пеннивайз жасайтын кейіпкер. Скотт Пеннивайзды ойнаған Билл Скарсгордтан қорықпағанын айтты, өйткені Билл шынайы өмірде жақсы адам болған. Скотт Қытайлық театр TCL-де өткен фильмнің тұсаукесерінде болды. 6 қыркүйек 2019 жылы шыққан Ол: Екінші Тарау сиквелінде өзінің Джорджи рөлін қайталады.

Скотт 2018 жылы шыққан Тері фильмінде Тройдың рөлін ойнауға шақырылды. Бұл фильм 91-Оскар марпатын табыстау рәсімінде Тікелей Эфирдегі Үздік Қысқа Фильм үшін Оскар Марапатын жеңді.

Хоррор жанрын жалғастыра отырып, Скотт 2019 жылғы Дарын фильмінде Майлз Блумның басты рөлін ойнады. Бұл оның көркем фильмдегі алғашқы басты рөлі болды.

Энди Мускетти Скотты Hulu үшін түсірілген бір сағаттық пилоттық Локк және Кілт сериалында жетекші жас актерлардың бірі ретінде жалдады. Ол ағайындалардың ең кішісі Боди Локкты ойнады. Hulu бұл пилоттан бас тартты және сериалға беруден бас тартты. Алайда Netflix бұл сериалды қайта өңдеді, Скоттан басқа актерлерді алмастырды. Алғашқы маусымы Netflix-те 7 ақпан 2020 жылы шықты. Скотт The Arizona Republic-ке берген сұхбатында Боди оның сүйікті кейіпкері болғанын айтты, өйткені оның көп мінездері осы кейіпкермен бірдей, мысалы көңілді мінез және беконға деген махаббаты. Оның шынайы өміріндегі аспектілерін Бодидің мінезіне қосу үшін шоудың сценаристі Скоттпен түсірілім кезінде танысты. Сондай-ақ Скотт сол сұхбатында шоудың түсірілім барысында Локк және Кілт сериалының басқа актерларымен қатты жақындасқанын айтты.

2018 жылы Gossamer Folds фильмінде Скотт Тейт Милликин рөлін алды.

Фильмдер тізімі

Фильм ЖылҚазақтіліндегіатауыТүпнұсқаатауыРөлЖазба2017ОлItДжорджи Денбро2018ТеріSkinТройТікелей Эфирдегі Үздік Қысқа Фильм үшін Оскар Марапаты2019ДарынThe ProdigyМайлз Блум2019Ол: Екінші ТарауIt Chapter TwoДжорджи Денбро2020Госсамер ФолдсGossamer FoldsТейт Милликин2020КөтерілуRisingЛюкҚысқа фильм

Телевидение ЖылҚазақтіліндегіатауыТүпнұсқаатауыРөлЖазба2015Қылмыстық ойларCriminal MindsКоул ВаскесЭпизод: "Outlaw"2017Жүретін өліктерден сақтанFear the Walking DeadТрой Отто бала кезіндеЭпизод: "TEOTWAWKI"2020—қазіргі күнЛокк және КілтLocke & KeyБоди ЛоккБасты рөл

Дереккөздер

Сілтемелер

Джексон Роберт Скотт Instagram-да Джексон Роберт Скотт Twitter-де Джексон Роберт Скотт Facebook-те