Баянауыл — Павлодар облысындағы ауыл, Баянауыл ауданының (1928 жылдан) және Баянауыл ауылдық округінің орталығы.

Географиялық орны Павлодар қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 210 км жерде, Баянауыл тауының оңтүстік-шығыс бөктеріндегі Сабындыкөл жағасында орналасқан. Табиғаты аса сұлу жер, тауындағы қарағайлы орманында қайың, қандыағаш, мойыл, тағы басқа аралас келеді. Орман ішінде жидек, таңқурай, қарақат, саңырауқұлақ өседі. Ең жақын темір жол бекеті – Екібастұз (135 км).

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен59985893 6078 103,1 2854 3047 106,8 3039 3031 99,7

Тарихы Іргесі 1826 жылы қаланған, 1833-1868 жылы Баянауыл сыртқы округінің әкімшілік орталығы болды. Баянауылдың Қарқаралы мен Павлодар қалалары аралығында орналасуы оның экономикалық маңызын күшейтті. Мұнда үлкен жәрмеңкелер өткізіліп тұрды.

Кәсіпорындары 3 көмір өңдірісі, алтын өңдірісі және әк өңдірісітері жұмыс істейді.

Инфрақұрылымы 3 орта мектеп, 4 балабақша, Жаяу Мұса өнер мектебі, Ertis колледжі, Сұлтанмахмұт Торайғыров мәдениет үйі, Қаныш Сәтбаев мұражайы, аудандық аурухана, аудандық кітапхана, 2 диспансер, санитарлық - эпидемиологикалық станциясы, баспахана бар. Тұрғындары облыс орталығына және Екібастұз қаласына, елді мекендерге автомобиль жолы арқылы қатынасады.

Дереккөздер

Санат:Баянауыл ауданы елді мекендері Санат:Қазақстанның бұрынғы кенттері