Өркенді — Түркістан облысы Жетісай ауданындағы ауыл, Ынтымақ ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Жетісай қаласынан солтүстікке қарай 15 км-дей жерде орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен17243263 2915 89,3 1590 1468 92,3 1673 1447 86,5

Тарихы 1957 жылы құрылған «Победа» мақта кеңшарының орталығы болып, 2001 жылға дейін Победа ауыл аталып келді. Кеңшар негізінде ӨК, шаруа қожалықтары ұйымдастырылған.

Инфрақұрылымы Өркенде орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшерлік-акушерлік пункт жұмыс істейді.

Дереккөздер

Санат:Жетісай ауданы елді мекендері