Bibcode, немесе refcode, — бірнеше астрономиялық дерек жүйесі пайдаланатын, әдебиетке сілтеме жасауға арналған ықшам идентификатор.
Пішімі Bibcode коды 19 таңбадан тұрады, пішімі осындай: ЖЖЖЖҚҚҚҚҚТТТТСББББӘ. ЖЖЖЖ — сілтеме шыққан төрт цифрлы жыл. ҚҚҚҚҚ — сілтеме қай жерде жарияланғанын (журнал, т.б.) белгілейді. ТТТТ — сілтеме журналға сілтесе, бұл параметр журналдың томын белгілейді. С — журналдың сілтеме орналасқан бөлімін белгілейді. ББББ — сілтеменің бірінші беті. Ә — бірінші автордың тегінің бірінші әрпі. Нүкте (.) қолданылмаған жерлерді толтыру және параметр тым қысқа болса, кодтың тұрақты ұзындығын сақтау үшін қолданылады. Жарияланым кодын оңнан толтырады, том нөмірі мен бет нөмірін солдан толтырады. 9999-дан асатын бет нөмірлері С бөлімінде жалғасады.
Мысал Bibcode мысалдары: Bibcode Сілтеме 1974AJ.....79..819H 1924MNRAS..84..308E 1970ApJ...161L..77K
Дереккөздер
Санат:Жіктеушілер