Ұлаған ауданы немесе аймақ () Ресей Федерациясының Алтай Республикасы құрамындағы әкімшілік-аумақтық бірлік және муниципалдық құрылым.
Әкімшілік орталығы - Ұлаған ауылы.
Физикалық-географиялық сипаттамалары Географиялық орны Ұлаған ауданы Алтай республикасының шығысында орналасқан. Ол Тыва Республикасымен шектеседі, Шапшал жотасы - табиғи шекара ретінде саналады. Оңтүстікте Қосағаш ауданымен шекаралар Чихачев және Қурай жоталары бойымен; ал батыста бұл аудан Оңдай ауданымен Сумүлті жотасы бойымен; солтүстік-батысында - Шоя ауданымен бірге Сумүлті жотасы бойымен өтеді. Солтүстікте Туражақ ауданымен шекара Сумүлті, Алтын-Тау, Момарғы жоталарының сілемдері бойымен өтеді.
Жер бедері Аудан аумағындағы жоталардың солтүстік-батыс және ендік бағытта, олардың биіктігі теңіз деңгейінен 2500-ден 3500 м-ге дейін өзгереді. Ұлаған ауданының аумағы Шығыс Алтайға жатады.
Санат:Ұлаған ауданы