Алатау ауданы — 2008 жылы құрылған Алматы қаласының әкімшілік-аумақтық бірлігі. Алматы қаласының солтүстік батыс бөлігінде орналасқан. Аудан аумағында 23 ықшамаудан орналасқан. Жалпы алаңы 104,9 км² (қала аумағындағы үлесі - 15%), халық саны 289 150 адам (қала халқындағы үлесі - 14%)https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-alatau/about?lang=kk.

Халқы Ұлттық құрамы (2019 жыл басында)http://stat.gov.kz/api/getFile/?docId=ESTAT306055 : қазақтар — 195 747 адам (75,16 %) орыстар — 24 469 адам (9.40 %) ұйғырлар — 20 302 адам (7.80 %) дүнгендер — 4 916 адам (1,89 %) кәрістер — 1 975 адам (0,76 %) қырғыздар — 1 879 адам (0,72 %) татарлар — 1 716 адам (0,66 %) әзірбайжандар — 1 366 адам (0,52 %) өзбектер — 1 265 адам (0,49 %) түріктер — 1 232 адам (0,47 %) немістер — 616 адам (0,24 %) күрдтер — 555 адам (0,21 %) ингуштар — 481 адам (0,18 %) украиндер — 460 адам (0,18 %) шешендер — 373 адам (0,14 %) армяндар — 99 адам (0, 04 %) белорустар — 61 адам (0,02 %) басқалары — 2 929 адам (1,12 %) Барлығы — 260 441 адам (100,00 %)

Әкімдері Бағдат Сайланбайұлы Манзоров (07.2008 – 10 шілде 2017) Шахмерден Сыртбайұлы Рыспаев (10 шілде 2017 – қаңтар 2020) Азамат Бескемпірұлы Қалдыбеков (17 қаңтар 2020 - 1 шілде 2024) Талғат Жанболатұлы Малыбаев (13 қыркүйек 2024 - 2 қыркүйек 2025) Данияр Батанұлы Қырықбаев (2 қыркүйек 2025 - қазіргі кезге дейін)

Дереккөздер

Санат:Алматы аудандары